Сенаторлар жалпы мәжілістің күн тәртібі аясында Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2021 жылдағы қызметі туралы ақпараты тыңдалды. Осы мәселе туралы сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов  баяндама жасады.

Сыртқы істер министрлігі өз қызметін ұлттық мүдделеріміз бойынша, әлемнің жетекші елдерімен қарым-қатынасты дамытуға, серіктес елдермен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға,  мемлекетіміз басшысының бастамаларын халықаралық және аумақтық құрылымдар аясында ілгерілетуге және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылды.

2021 жылы 150-ге жуық жоғары деңгейдегі сапарлар, кездесулер, онлайн және телефон арқылы сөйлесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың шет мемлекеттерге (Орталық Азия елдері, Түркия, Ресей және Кореяға) 8 рет іс жүзіндік сапары жүзеге асырылды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия аймағын Өзбекстан Республикасының сыртқы саясатының үстем бағыты ретінде белгілегендіктен, өткен жылы жоғары деңгейде 100-ден астам шара өткізіліп, бірқатар маңызды міндеттер орындалды.

Талқылау барысында  Ауғанстандағы жағдай бойынша Өзбекстанның саясаты мен бастамалары халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны атап өтілді.

 Сенаттың жалпы мәжілісі жалғасуда.