Жиналысқа министрлік, фармацевтикалық кластері және оны дамыту бойынша Дирекциясы, ИӨСМ жанындағы Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігі, және «Асақабанк» АҚ басшылығы қатысты.
Кездесу кезінде кластер және өнеркәсіп аумағында жергілікті және шетелдік инвесторлар тарапынан инвестиция нысандарын құру бойынша қаралған шаралары зерделенді. Тиісті басшылардың атқарылған істері, сондай-ақ кластер аймағындағы Фармацевтикалық техникалық университетінің ғылыми-зерттеу орталығы мен оқу ғимаратының құрылысын жеделдету бойынша есептері тыңдалды. Барлық жауапты тұлғаларға жүктелген тапсырмалардың сапалы және уақытылы орындалуына жеке жауапкершілік жүктелетіні ескертілді.
Жобаларды іске асырудың бекітілген кестелеріне сәйкестігі туралы күсайын мониториг жүргізу, нысандарды іске қосуды жеделдету үшін қажетті ресурстардан дер кезінде пайдалану бойынша тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Анықтама үшін: «Tashkent Pharma Park» — Өзбекстандағы алғашқы фармацевтикалық кластер. Оның аумағында бірқатар жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, әкімшілік-өндірістік нысандарды құру жоспарлануда. Кластердің жалпы ауданы 130 гектарды құрайды, оның 90-нан астамы фармацевтикалық өнімдерді өндіруге арналған индустриялық аймақ саналады.