Кездесу — Өзбекстанның ШЫҰ-ға іс жүзіндегі төрағалығының ең маңызды оқиғаларының бірі.
Шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктерінің басшылары, сонымен қатар ШЫҰ-ның Бас хатшысы және ААТҚ (Аймақтық антитеррорлық құрылымы) Атқару комитетінің директоры қатысады.
Жиналыста ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің 2022 жылғы 15-16 сентбярь күндері Самарқант қаласында өтетін жиналысқа дайындық мәселесіне ерекше назар аударылады.
ШЫҰ-ның кезектегі саммитінде маңызды құжаттар жиынтығы бекітіледі деп күтілуде.
Олардың арасында Өзбекстан тарапының бастамасымен жасалған Ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімді іске асырудың Кешендік жоспары, Өзара байланысты дамыту және тиімді көлік дәліздерін құру бойынша ынтымақтастық концепциясы, Іскерлер шеңбері арасындағы өндірістік кооперацияны ынталандыру бағдарламалары, «ШЫҰ-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағы жөніндегі ереже және тағы басқалар бар.
ШЫҰ-ға мүше мемлекет, бақылаушы мемлекет және ШЫҰ-ның диалогы бойынша серіктес мәртебесін алуға түскен өтініштер қаралады.
Сондай-ақ министрлер ШЫҰ қызметінің түрлі бағыттарындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту, халықаралық серіктестермен институционалдық байланыстарды кеңейту болашақтарын талқылайды.
Сонымен қатар, аумақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасу да министрлер жиналысының күн тәртібінде орын алған.