Венгриямен ынтымақтастықта Жарғы капиталы 50 миллион еуро болатын Арнайы инвестициялық қор құрылады

    Ағымдағы жылдың 3 апрелінде инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Венгрияның Экономикалық даму министрі Мартон Наджимен бейнеконференцбайланыс арқылы келіссөздер жүргізді.

    Сұхбат кезінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері мен алдағы іс-шаралары талқыланды.

    Соңғы жылдары көп қырлы Өзбекстан-Венгрия қарым-қатынастары дамуының оң динамикасы атап өтіліп, стратегиялық серіктестік аясын одан әрі кеңейту мақсатында барлық деңгейде белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігі айтылды.

    Инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша кезектегі іс-шаралар қарастырылды. Жарғы капиталы 50 миллион еуро болатын Арнайы инвестициялық қор құру мәселесіне келісілді, онда Венгрия тарапынан Экономикалық даму министрлігіне қарасты Ұлттық инвестициялық холдинг құрылтайшысы ретінде қатысады. Жаңадан құрылған қор венгрия компаниялардың Өзбекстандағы жобаларын қаржыландырады.

    Біріккен жобаларды жүзеге асыру үдерісі талқыланды. Венгрия тарапы Бонапхарм компаниясының Ташкент облысында құс өсіру кластерін құруды растады. «Hagyo» ва «Polus» компаниялары өзбекстандық серіктестермен бірлесе отырып, Қарақалпақстан Республикасында қызымияны қайта өңдеу кешенін құру жұмыстарын жүргізуде.

    «Meditop Pharmaceutical» компаниясымен инновациялық дәрі-дәрмек шығару, «Raba Automotive Holding» және «Joyson Safety Systems» компанияларымен автокөлік бөлшектерін шығару жобалары жүзеге асырылуда. Тараптар әрбір жобаны сәтті жүзеге асыруда бастамашыларды бірлесіп қолдап-қуаттауға келісті.

    Екіжақты іс-шараларды өткізудің болашақтағы жоспарлары талқыланды, атап айтқанда, Өзбекстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының келесі жиналысын ағымдағы жылдың 22-23 май күндері Будапешт қаласында өткізуге келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates