Кездесуде Өзбекстан мен Венгрия арасында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Wizz Air әуе компаниясының Өзбекстан қалаларына ұшу географиясын кеңейту және Ташкентке ұшу жиілігін арттыру, Еуропа елдеріне жаңа бағыттарды енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Uzbekistan Airports» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың декабрь айынан бастап Венгрияның WizzAir loukoster әуе компаниясы алғаш рет Самарқантқа тұрақты ұшуларды жүзеге асыра бастаған еді. Ағымдағы жылдың январь айынан бастап әуетасушы Абу-Даби мен Ташкентті тікелей рейстермен байланыстырды.