Қытайға оңай виза алу және «екі диплом» бағдарламасын енгізу талаптары үшін бірегей мүмкіндік

    Білім 12 Yanvar 2024 1663

    Бүгін, 12 январьда Ташкентте гибрид форматындағы «Жаңа дәуірдегі Қытай мен Өзбекстанның жан-жақты стратегиялық серіктестігі» тақырыбында конференция өтті.

    Өзбекстан мен ҚХР арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға арналған конференцияда атап өтілгендей, екі елдің тарихы көп ғасырлық мәдени-гуманитарлық алмасулармен тығыз байланысты. Жастар арасында бір-бірінің тілін үйренуге, мәдени мұраға деген қызығушылықтары артып келеді.

    Шара сессияларының бірінде сөз сөйлеген ПИM басшысы Миршохид Асланов екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар алға тартылды.

    Конференцияға қатысушылардың қолдап-қуатталған ұсыныстарының қатарында Өзбекстан азаматтарының Қытайға виза алуын жеңілдету және белгілі бір мерзімге визасыз режим орнату да бар еді. Мәселен, 2021 жылы Өзбекстан Қытай азаматтары үшін 10 күндік визасыз режим енгізілді, бұл қытайлық туристер, бизнесмендер мен инвесторлар ағынын айтарлықтай арттыруға қызмет етті.

    Тағы бір ұсыныс – жоғары оқу орындарында біріккен білім беру (екі диплом) бағдарламаларын іске қосу. Бұл тәжірибе өзбекстандық және қытайлық студенттері үшін мәдени және ғылыми алмасудың бірегей мүмкіндігін тудырады, өзара сенімді нығайтуға көмектеседі.

    Айталық, 2022/2023 оқу жылында Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті мен Далян педагогикалық университетінде «Қытай филологиясы» бағыты бойынша қос диплом бағдарламасы сәтті жолға қойылды. Оң тәжірибені ескере отырып, Қытайдың басқа да жетекші 9 университеті альянсының қатысуымен технология, медицина және IT салаларындағы бағдарламалардың санын кеңейту ұсынылды.

    Сонымен қатар, ғылым мен білім саласындағы іске асырылмаған үлкен әлеуетті пайдалану қажеттігі баса айтылды. Атап айтқанда, инновацияларды, стартаптарды және технологиялар трансферін ынталандыру бойыншабіріккен механизм мен платформалар жарату, АКТ, ауыл шаруашылығы, қайта тіктелетін энергия көздері және өндіріс сияқты салаларда біріккен ғылыми-тәжірибелік кәсіпорындар құру ұсынылды.

    Шара соңында Өзбекстан мен Қытайдың жауапты мекемелерімен бірге алға тартылған ұсыныстарды қарастыру және оларды жүзеге асыру шараларын әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Прогрессивті реформалар орталығының» баспасөз қызметі.

    Мәлімет үшін: конференция Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты мен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі қасындағы Еуропа және Азия әлеуметтік даму институтының Даму зерттеулер орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates