«Хива – Ислам әлемінің туризм қаласы» ұранымен халықаралық шара өтті

    Туризм 6 Mart 2024 1775

    Ағымдағы жылдың 5 мартында Хиуа қаласының Ичан-қалъа кешенінде «Хиуа – Ислам әлемінің туристік қаласы» ұранымен халықаралық шара өтті.

    Шараға Ислам ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы, сарапшылар мен оның құрамындағы ұйымдар, Туризм комитеті мен Хорезм облысы әкімдігінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ-тың өкілдері қатысты.

    Мәлімет ретінде: 2022 жылғы 27-29 июнь күндері Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің ХІ сессиясында Хиуа қаласына 2024 жылы «Ислам әлемінің туризм қаласы» мәртебесі берілді.

    Сессияда Өзбекстан делегациясының басшысы – Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов тарапынан өткізілген тұсаукесерде Өзбекстан Республикасы Президентінің туризм саласында жүргізілген ашықтық саясаты, визалық режимді жеңілдетілуі сияқты, мәдени мұраны сақтау, тарихи қалаларды көріктендіру және реформалар, Хиуа қаласының тарихы мен мәдениетіне және туризм әлеуетіне ерекше көңіл бөлінді.

    Бұл ішкі және сыртқы туризмді дамытуға, жаңа инфрақұрылымдық нысандарды, мұражайлар мен экспозицияларды салуға, туристік қызметтердің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

    «Ислам ынтымақтастық ұйымының Хиуа қаласына ислам әлемінің туристік қаласы мәртебесін беруі халықаралық туризм базарында туристік дистинация ретінде танылуына мүмкіндік береді», — деді Туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Жамшид Абдусаломов.

    Орталық Азиядағы ең көрнекті қалалардың бірі Хиуа – аймақта толығымен сақталған жалғыз сирек кездесетін ескерткіш-қала. Ол өзінің көне ескерткіштерімен танымал және әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды тартады. 1990 жылы 12 декабрінде Канадада өткен ЮНЕСКО-ның XIV сессиясының арнайы қаулысымен Хиуа қаласы Орталық Азияда бірінші болып «Дүниежүзілік мұра» ретінде тіркелді.

    «Хиуа ертеде мәдениет пен ғылым орталығы ретінде танылғаны белгілі», - деді Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Ахмед Кавеса Сангендо.

    Ислам ынтымақтастығы ұйымы бас хатшысының орынбасары Ахмад Кавеса Сангендо Хиуа қаласына 2024 жылы «Ислам әлемінің туризм қаласы» мәртебесін беруіне байланысты Хиуа ауданы әкіміне сертификатты табыс етті.

    2024 жылдың май айында Хиуа қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің XII сессиясы өтеді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates