Хиуа қаласында Транспорт министрлерінің тоғызыншы жиналысы аяқталды

    Көлік 13 May 2022 1326

    Хиуа қаласында 11-12 май күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің транспорт министрлерінің тоғызыншы жиналысы өтті.

    Өзбекстан Республикасының ШЫҰ саммитіне төрағалығы аясында ұйымдастырылған аталмыш шарада транспорт саласындағы өзара мүдделі ынтымақтастықты нығайту, транспорт дәліздерін дамыту және әртараптандыру, осы бағытта бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға байланысты мәселелері талқыланды.

    Атап айтқанда, аймақтық транспорт-транзиттік әлеуетті дамыту ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер тұрақты экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі болып табылатынын ескере отырып, кешенді және интеграцияланған көлік жүйесін құру, салаға заманалық цифрлық технологияларды енгізу арқылы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту, жүк тасымалдау көлемін арттыру транспорт коммуникацияны жетілдіруде бірыңғай көзқарас пен жанасуларды қалыптастыру мәселелері қаралды.

    Шарада тараптар Өзбекстанның бастамасымен жасалған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту және тиімді транспорт дәліздерін қалыптастыру бойынша ынтымақтастық Концепциясының жобасын қолдап-қуаттайды. Тараптар аталмыш құжатты биыл Самарқант қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Мемлекет басшылары кеңесінің мәжілісінде бекіту үшін ұсынуға және келісім негізінен іс-әрекеттерді бастауға дайын екендіктерін білдірді.

    Жиналыста ШЫҰ-ға мүше мемлекет үкіметтері арасында транспорт тасымалдаудың интеграцияланған басқару жүйесін қалыптастыру бойынша бітім, мемлекетаралық сипаттағы төтенше жағдайларда транспорттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттер арасында коронавирус инвекциясына (COVID-19) байланысты болған жағдайды ескере отырып, транспорттың үздіксіз істеуін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандум, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер автомобиль жолдарын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум бойынша жұмысты жеделдету, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің транспорт саласында ынтымақтастықты дамыту бойынша арнайы жұмысшы топ құруға келісті.

    Жиналыс соңында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің транспорт министрлері тиісті хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates