Хорезмде үлкен экотуристік аймақ құрылады

    Іс-шаралар 24 Aprel 2022 3407

    Хорезм облысының Боғот ауданында 156 гектар жерде жаңа экотуристік аймақ құрылады.

    Туризм және мәдени мұра министрлігі, Мәдени мұра агенттігі және Хорезм облысының әкімшілігі ұйымдастырған пресс-турда айтылғандай, жобаның бастамашысы ретінде «Қалажиқ қалъа Оазис экотуризм» фермерлік шаруашылығы қатысуда.

    Нысан құрылысының бірінші кезеңі 2023 жылы аяқталуы деп күтілуде, ал екінші кезеңі 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. Нысанның жалпы құны 58 миллиард сумды құрайды.

    Туризм және мәдени мұра министрлігінің Хорезм облыстық бас басқармасының мәліметінше, «Қалажиқ қалъа Оазисте» екі қонақүй, екі дәмхана, ұлттық нақыштағы үйлер, концерт алаңы, хайуанаттар бағы, сауықтыру орталығы, жүзу бассейндері және 10 сауда дүкен саяхатшыларға қызмет көрсетеді.

    Қуанарлық жайт, жаңа нысан құрылысының бірінші басқышында Хорезм облысында 350 жаңа жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жылына бұл жерге жыл бойы 36 мың саяхатшы келеді деп жоспарлануда. Бұдан тыс, саяхатшылардың осы аумақта қалу мерзімі 1,5 күнге ұзартылады, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.