Жалпы сырқаттану көрсеткіші бойынша бірінші орында АҚШ  (60,2 млн), одан кейін екінші орында Үндістан (35,7 млн), үшінші орында Бразилия (22,5 млн) және төртінші орында Ұлыбритания (14,5 млн) тұр.

Инфекцияны жұқтырудың күнделікті статистикасы өткен аптамен салыстырғанда төмендеді. Кеше әлемде жалпы 2 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелгені сөзіміздің дәлелі. Алайда 7 январь күні бұл көрсеткіш 2,9 миллионға жақындады.

Атап айтқанда, 9 январьдағы жағдайға қарағанда, АҚШ-та 446 мыңнан астам, Францияда 296 мың, Бразилияда 200 мың, Үндістанда 179 мың және Ұлыбританияда 141 мыңнан астам науқаста «СOVID-19» анықталған. Науқастанудың көпшілігін «омикрон» штамдары құрайды.

Белгілі ресейлік вирусолог Александр Чепурнов кеше осы штамм туралы жаңа тұжырым жасады. Оның айтуынша, бұл мутация адам ағзасындағы басқа инфекциялармен бір мезгілде бірлесе алады. Науқас бір мезгілде коронавирустың екі нұсқасын жұқтыруы мүмкін дегенді білдіреді.

Кипрдегі жағдай да сарапшылардың назарын аударды. Жергілікті ғалымдар тобы «дельта» мен «омикрон» штамдарының гибридінен тұратын коронавирустың жаңа нұсқасын анықтады. Зерттеушілер оны «дельтакрон» деп атады.

Кипрлік вирусологтың айтуынша, жаңа нұсқаның «дельта» сияқты генетикалық негізі бар, бірақ оның кейбір мутациялары «омикронмен» бірдей.

Үндістандық ғалым Анимеш Аря «омикрон» балаларға үлкен қауіп төндіреді деп санайды. Ол балалардың тыныс алу жолдары ересектерге қарағанда кішірек екенін атап өтті. Жаңа штамм жоғарғы тыныс жолдарына көбірек әсер ететінін ескерсек, бұл кішкентай науқастар санының артуына әкелуі мүмкін.

Омикронның пайда болуы пандемияның ең өткір кезеңі аяқталып келе жатқанын білдіреді, дейді Оңтүстік Африка Республикасының ғалымдары.

Бұл тұжырымға дейін мамандар тобы ауруханада зерттеу жүргізген. Жақында коронавирус жұқтырған 466 науқастың және вирустан сауығып кеткен 3976 адамның деректері талданды.

 Пандемияның жаңа толқыны кезінде науқастардың 4,5 пайызы ғана ауруханада қайтыс болғаны анықталды. Бұл көрсеткіш алдынғы толқын кезінде 21 пайызды құраған. Сондай-ақ соңғы кездері жансақтау бөлімшелеріне түскендер саны да күрт азайған. Стационарлық емделу де орташа есеппен 8-9 күннен 4 күнге дейін қысқарған.

Денсаулық сақтау министрлігі Баспасөз қызметі.