Туризм комитетінің делегациясы Швеция астанасы Стокгольм қаласында өткен «Самарқант – Жібек жолының жауһары» атты мәдени-танымдық кешке қатысты.
Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиев Өзбекстанның Куала-Лумпурдағы елшілігінде Малайзия туризм қауымдастықтары, атап айтқанда Ислам туризм орталығы (ITC), Малайзиядағы Bumiputera туроператорлары қауымдастығы (BIMUTRA), елдің умра және қажылық сапарлары бойынша жетекші туркомпаниялары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел сұхбатына қатысты.
Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиев Куала-Лумпурда MATTA (Малайзия туристік компаниялары мен туроператорлар қауымдастығы) вице-президенті Шейх Авадпен және бас менеджері Мазия Михатпен келіссөздер жүргізді.
Куала-Лумпурда Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиев Малайзияның Туризм, өнер және мәдениет министрлігінің Бас хатшысы Раслан Абдул Рахмонмен келіссөздер жүргізді.
Өзбекстан делегациясы 22 январьда Мадридте өз жұмысын бастаған «FITUR» халықаралық саяхатшылық көрмесіне қатысуда. Бұл маңызды шара әлемнің әртүрлі елдерінен туризм саласының мамандары мен саяхат әуесқойларының басын қосты.
Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдары, «People’s Daily» және «Beijing Youth Daily» газеттері, сондай-ақ ең ірі және ең ықпалды мемлекеттік ақпарат агенттігі «Синьхуа» бөлімшесі Өзбекстанмен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы мақалалар жариялады.
Американың жетекші басылымы «The New York Times» Бұхара қаласын 2025 жылы баруға тұрарлық ең жақсы 52 жердің тізіміне енгізді. Басылым Ұлы Жібек жолындағы маңызды нүкте – осы көне қалаға назар аударуда.
Туризм комитетінде «Жастар және туризм: жаңа болашақтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында студенттер арасында өткізілген «Students Cup 2024» республикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті.
Қазақстан Республикасының Ақтөбе қаласында Өзбекстанның туристік әлеуетінің тұсаукесері өткізілді. Оған екі елдің туризм саласының 40-тан астам өкілі қатысты.
Үстіміздегі жылдың 18-21 декабрь күндері Стамбул қаласында Өзбекстан аспаздар бірлестігінің өкілдері қатысқан 21-ші Халықаралық гастрономиялық аспаздық фестивалі өтті.