15 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте өтіп жатқан кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған ІІ Дүниежүзілік конференциясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Бас директоры Одри Азулемен кездесу өткізді.
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде И.В.Савицкий атындағы Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталып жатқан таңдамалы туындылардың фотосуреттерінен тұратын көрменің ашылуы өтті.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында 2022 жылғы 20 сентябрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) Бас директоры Одри Азулемен кездесті.
Самарқантта Туризм және мәдени мұра министрлігімен бірлесіп «Өзбекстанның мәдени мұрасы – жаңа Ренессанстың іргетасы» атты VI Халықаралық Конгресі өтті.
Өзбекстанда алтыншы халықаралық джаз фестивалі 2022 жылдың 30 апрелінен 18 май аралығында өтеді. Аталмыш фестиваль 2021 жылы ЮНЕСКО тарапынан бүкіл әлемде ресми түрде жарияланып, Халықаралық джаз күнін тойлауға байланысты өткізіледі.
26 апрельде Хиуа қаласында «Лазги» халықаралық фестивалі басталды. Фестивальдің ашылу «Ичан қалъадағы» Көне Арк алаңында өтті. Оған түрлі мекеме басшылары, шетелдік саяхатшылар және қалың жұртшылық қатысты.
25-30 апрель аралығында Хорезм облысының Хиуа қаласында «Лазги» халықаралық би фестивалі өтеді. Ауқымды шара ЮНЕСКО, Туризм және мәдени мұра министрлігі, Мәдениет министрлігі, Хорезм облысының әкімдігімен және басқа да мекемелермен бірлесіп ұйымдастырылуда. Шараға 30-дан астам елден қонақтар келеді деп күтілуде.
17 мартта Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов пен ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің өкілі уақытша міндетін атқарушы Александрос Макаригакис арасында сұхбат өтті.
ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша үкіметаралық комитеттің (МММҚҮК) XVI сессиясы аясында «Бахшылық өнері» Өзбекстанның материалдық емес мәдени мұраның элементі ретінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізілді.
13 декабрьде ЮНЕСКО-ның матералдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша Үкіметаралық комитеттің (МММҚҮК) ХVІ сессиясы ұйымының Париждегі резиденциясында виртуалды режимде өз жұмысын бастады.