Биыл жылдық қуаты 6,8 миллион тоннаға тең 7 жаңа цемент шығаратын зауыт Әндіжан, Науаи, Наманган, Қашқадария және Ферғана облыстарында іске қосылды.
«Узсаноатқурилишматериаллари» бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда республикамызда 9 мыңнан астам құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын бар, олар 180 түрдегі өнімдерді өндіреді.
Ағымдағы жылдың январь-март айларында сала кәсіпорындары 107,7 миллион доллар көлемінде құрылыс материалдары мен қызметтері экспортын жүзеге асырды.
Сұрхандария облысының әкімі Тўра Боболов «Team Network» компаниясының халықаралық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша директор орынбасары Себастиано Заппала басшылығындағы италиялық мамандармен кездесті.