Пойыз құрамында ағашты қайта өңдеу және азық-түлік өнеркәсібінің өнімдері, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар тауарлар тасымалдануда. Жүктің бір бөлігі Өзбекстан аумағы арқылы транзитпен Қырғызстан мен Тәжікстанға жеткізіледі.

Пойыз шамамен 4 000 шақырымды құрайтын бағытты небәрі 7 тәулікте еңсеріп, Беларусь пен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экспорттық-импорттық жүктердің жедел әрі тиімді жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Екінші пойыздың жөнелтілуі жаңа көлік-логистикалық қызметке деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетіп, Өзбекстан аумағы арқылы өтетін осы бағыттың тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдейді.