Көшбасшылар заманауи қонақ үй кешенінде келушілердің демалуына және халықаралық іс-шараларды өткізуге жасалған жағдайлармен танысты.
Қонақ үй 17,2 гектар аумақта орналасқан. Кешен құрамына жалпы аумағы шамамен 30 мың шаршы метрді құрайтын, 120-дан астам бөлмесі бар жеті қабатты ғимарат, бассейн, аквапарк, спорт және ойын-сауық инфрақұрылымы кіреді.