Венесуэла
Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес елде болған екі күшті жер
сілкінісінен кейінгі жағдай жөнінде мәлімдеме жасады.
Оның
айтуынша, жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 1719 адамға, ал
жарақат алғандар саны 5034 адамға жеткен.
Родригестің
мәліметінше, табиғи апаттан 22 619 адам зардап шеккен. Зақымданған 855
ғимараттың 189-ы толықтай қираған.
Еске сала
кетейік, Венесуэлада 24 маусым кешке және 25 маусым таңертең бірнеше жер
сілкінісі болып, көптеген тұрғын үй қираған.
Елде төтенше
жағдай жарияланып, ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери күштердің
бақылауына берілді.
Қазіргі
уақытта Венесуэла халықаралық ұйымдар мен түрлі мемлекеттерден гуманитарлық
көмек қабылдап жатыр.