Бұл туралы Отбасы және әйелдер істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңартылған тәртіпке орай, «Әйелдер дәптері» қорының қаражаты есебінен хирургиялық операция жасатпай емделу шығындарын өтеу үшін базалық есептік мөлшердің (БЕМ) 50 еселенген мөлшеріне дейін, яғни 22 миллион сумға дейін қаражат бөлінеді.

Ал медициналық тексеруден өту шығындары үшін базалық есептік мөлшердің 10 еселенген мөлшеріне дейін, яғни 4 миллион 400 мың сумға дейін қаржылай көмек көрсету белгіленді.

Бұрынғы тәртіп бойынша хирургиялық операцияларға жұмсалған шығындар Мемлекеттік медициналық сақтандыру шартымен белгіленген базалық бағалар шегінде өтеледі. Енді науқас қай медициналық мекемеде емделетініне қарамастан, өзі ұсынған шартта көрсетілген сома толық көлемде өтеледі.

Жаңа тәртіпте тағы бір маңызды өзгеріс бар. Аудандық және қалалық штабтар бөлінген қаражат шегінде тек «Әлеуметтік қорғау бірыңғай реестрі» енгізілген немесе табысы белгіленген санатқа сәйкес келетін отбасыларға ғана емес, сонымен қатар кембағалдыққа ұшырау қаупі бар және өзге де көмекке мұқтаж отбасыларға медициналық көмек көрсету туралы шешім қабылдай алады.

Ол үшін тұрғылықты жеріңіздегі махалланың әйелдер мәселелері жөніндегі белсендісіне өтінішпен жүгінуіңіз қажет.