12 халықаралық компания Ғузар күн фотоэлектр станциясын құруға өтініш берді

    Энергия 22 Aprel 2022 2278

    Энергетика министрлігіне Қытай, БАӘ, Ресей, Түркия, Франция, тағы басқа елдердің компанияларынан Ғузар күн фотоэлектр станциясы (КФЭС) құрылысының жобасы бойынша тендердің бірінші басқышына (Біліктілік сауалнамасы - RFQ) қатысуға өтініштер түсті.

    Министрліктің мәліметінше, халықаралық компаниялардан осы тендерге қатысуға барлығы 12 өтініш келіп түскен.

    Жобаны Азия даму банкінің көмегімен энергетика, инвестициялар және сыртқы сауда, қаржы министрліктері мен Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту агенттігі жүзеге асыруда. Жобада Қашқадария облысының Ғузар ауданында қуаттылығы 300 МВт-қа дейінгі күн фотоэлектр станциясының құрылысы көзделген.

    Тендерге қатысуға ниет білдіргендердің барлығына ашық кіруге біліктілік өтініші беріледі. Қатысушылардың өтініштерін алғаннан кейін байқау комиссиясы келіп түскен өтініштердің толықтығы мен сәйкестігін бағалайды, содан соң білікті қатысушылардың «қысқа тізімі» жарияланады, ол кейіннен байқаудың екінші басқышына ұсынылады (Тендерлік өтініштер сауалнамасы —RFP) қойылады.

    Айта кетейік, жобаны Өзбекстан үкіметі Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен жалпы қуаты 1 ГВт болған күн фотоэлектр станцияларын құрудың екінші бағдарламасы бойынша жүзеге асырып жатыр.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates