«Узгидромет» агенттігінің хабарлауынша, бүгін республиканың кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Сұрхандария облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 25-28 градус, оңтүстікте 30-33 градус болады.
Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, ертең, 31 май күні Ферғана аңғарындағы облыстада кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Ауа температурасы сенбі күні 28-31 дәреже, жексенбі күні 32-35 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.
Республиканың солтүстігі мен оңтүстікте және шөлді аймақтарында желдің күшеюі 13-18 м/с-қа дейін, кей жерлерде шаң-тозаңмен блуы күтілуде. Тау бөктерінде және таулы аймақтарда кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Су тасқыны болуы мүмкін.
Ташкентте: бүгін күндіз ауа райы көшпелі бұлтты, уақыт-уақытымен құбылмалы болады, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы 26-28 градус болады.
Демалыс күндері аз бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы сенбі күні 28-30 дәреже, жексенбіде 29-31 дәреже болады. Шығыстан 3-6 м/с жылдамдықпен жел соғады, күннің екінші жартысында кей жерлерде 8-10 м/с күшеюі мүмкін.