Президенттің ПФ-81-санды Жарлығына сәйкес, жоғары оқу орындарының бакалавриатына қабылдау үдерісі екі басқышта – «алдымен тестілеу, соң байқау» қағидасы бойынша жүзеге асырылады.

1-басқышта абитуриенттер жыл сайын 5 июньнен 25 июньге дейін (25 июнь күні де) тест тапсыру үшін my.uzbmb.uz сайтында онлайн тіркеліп, төмендегілерді таңдайды:

Тек тестке қатысқан жағдайда:

пәндер кешені;

білім беру тілі;

тест тапсыру аумағы.

Егерде ерекше дарындылық талап етілетін білім беру салалары бойынша кәсіби/шығармашылық емтихандарға қатысса:

білім беру тілі;

тест тапсыру аумағы;

ерекше дарындылықты қажет ететін білім саласы;

кәсіптік (шығармашылық) емтихандар өткізілетін университет.

Университетке түсу емтихандары июль, август айларында өткізіледі.

2-басқышта абитуриенттер қабылдау емтихандары толық аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде my.uzbmb.uz сайты арқылы төмендегілерді таңдайды:

жоғары оқу орны;

бакалавриат білімі бағыты;

білім беру формасы;

таңдау үстемдігі.

Абитуриент тестілеуде жинаған ұпайларын емтихан өткізілген күннің ертесіне біле алады. Олардың студенттікке ұсынылғаны немесе қабылдабағаны қабылдау үдерісінің 2-басқышы толық аяқталғаннан кейін бір апта мерзімде Білімді бағалау агенттігінің ресми веб-сайтында жарияланады.

Техникумдарда оқыуға ниет білдірген талапкерлер ЖОО-ға қабылдаудың түпкілікті нәтижесі жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде мыналарды таңдайды:

техникум;

кәсіп пен мамандық;

білім беру формасы.

Нәтижесі бір апта ішінде Білімді бағалау агенттігінің ресми веб-сайтында жарияланады.

Абитуриенттер мен олардың ата-аналарына қолайлылық жасау мақсатында Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі мен барлық жоғары оқу орындарында «Қабылдау-2025» штабы іске қосылды.

Сонымен қатар, азаматтарымыз Министрліктің 1006 сенім телефоны, Агенттіктің 1195 сенім телефоны немесе @EduuzUniversalBot арқылы хабарласып, сұрақтарына жауап ала алады.