Өзбекстандағы Израиль елшілігінің хабарлауынша, “Fly Khiva” әуе компаниясы Иорданияның Акаба қаласынан Ташкентке чартерлік рейс (FKH9902) ұйымдастыруда.

Акаба қаласынан ұшу: 24 июнь күні сағат 19:10 да. Ташкентке жетіп келу уақыты 25 июнь сағат 02:40-та келеді.

Шекарадан өту кезінде қолданыстағы шетелге шығу төлқұжаты мен барлық қажетті құжаттар болуы керектігін еске салды елшілік.

Әуе билеттерін сатып алу, Иордания визасын алу және Тель-Авивтен Иордания шекарасына трансфер қызметтері бойынша қосымша ақпарат алу үшін: +972 53−556−5254 (WhatsApp арқылы да байланысуға болады).

Дипмиссия рейс уақыты әуе компаниясы мен жергілікті биліктің нұсқауларына байланысты өзгеруі мүмкін екенін айтты.