Сессия аясында «Бақшылық өнері» элементін Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізу мәселесі қаралады. Өзбекстанның ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясының төрағасы мемлекетіміз басшысы бастамасымен даярланған және қарауға ұсынылған бұл аталымды қолдап-қуаттау тұрғысынан Бағалау комиссиясына және МММҚҮК-ға мүше елдерге өтініш жолдады.

Жиынға ЮНЕСКО басшылығы, МММҚҮК-не мүше мемлекеттер, 190-нан астам елден жоғары лауазымды делегаттар қатысуда. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов, Өзбекстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Умид Шадиев және ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның өкілдері қатысысуда.

Жалпы мәжіліс барысында Өзбекстан делегациясы  соңғы жылдарда Президент Шавкат Мирзияев басшылығында мемлекетіміз бай материалдық емес мәден мұраны қорғау, көбейту және насихаттау барысындағы іс-әрекеттер тұсаукесері өткізілді.

Сонымен қатар, Өзбекстан Үкіметі  2003 жылдағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы халықаралық конвенцияны жүзеге асыруды жалғастыру және ЮНЕСКО-ның осы бағыттағы қызметін қолдауға адал екенін білдірді.

—Мың жылдық тарихы бар Өзбекстан өзінің бай мәдени мұрасымен мақтанады. Бізде ЮНЕСКО-ның Репрезентативті тізіміне енгізілген 9 ұлттық және көпұлтты элементтер бар. Жақын күндері бұл тізімнің тағы бір элементі – «Бақшылық өнері» де қосылады деп сенеміз, – дейді Азиз Абдухакимов.

Айта кетейік, «Бақшылық өнері» аталымы бойынша дауыс беру үдерісінің өзі 16 декабрьде өтіп, ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша үкіметаралық комитетінің XVI сессиясы 18 декабрьге дейін жалғасады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.