«Бахшылық өнері» ЮНЕСКО-ның тізіміне енді

    Туризм 16 Dekabr 2021 3027

    ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша үкіметаралық комитеттің (МММҚҮК) XVI сессиясы аясында «Бахшылық өнері» Өзбекстанның материалдық емес мәдени мұраның элементі ретінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізілді.

    Бұл элемент бойынша аталым пакетін Президент Шавкат Мирзияев бастамасымен Өзбекстанның ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясы даярлап, 2020 жылы МММХҮК-не ұсынған. Екі жыл бойына ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссия және Өзбекстанның Париждегі тұрақты делегациясы Комитетке мүше мемлекеттер, Бағалау комиссиясымен және ЮНЕСКО хатшылығымен ынтымақтастықта аталмыш элементті насихаттау бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

    Сессия аясында Премьер-министрдің орынбасары, Өзбекстанның ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясының төрағасы Азиз Абдухакимов басшылығындағы Өзбекстан делегациясы «Бақшылық өнері» аталымының тұсаукесерін өткізді. Шара қатысушыларына өнердің осы түрін сақтау, ұлттық және халықаралық көлемде насихаттауда үкіметіміз тарапынан жүзеге асырылған істер туралы баяндалды. Онда Президентіміз басшылығында соңғы жылдары «Бахшылық өнерін» қайта тіктеу, сондай-ақ Өзбекстанда әр екі жылда бір рет өткізілетін «Бахшылық өнері» халықаралық фестивалін ұйымдастыру туралы жүзеге асырылған нақты іс-шараларға ерекше назар аударылды.

    2019 жылдың апрель айында Терміз қаласында өткен «Әлемдік өркениеттегі бахшылық өнерінің ұстанған орны» тақырыбындағы конференцияның маңызды қорытындылары, бахшылықты қолдап-қуаттаудағы іс-әрекеттер, сондай-ақ осы өнер түрін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында мамандандырылған колледждерде және жоғары оқу орындарында жас бахшыларды даярлау бойынша оқу бағдарламасы да әңгіме өзегіне айналды.

    Шарада Өзбекстан аумағында бахшылықтың даму тарихын баяндайтын арнайы бейнеүзінді көрсетілді.

    МММХҮК осы элементті Адамзаттың Материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізуді акламация (кең консенсус) жолымен ешқандай пікірталассыз немесе дауысқа қоймау арқылы мақұлдады.

    Бағалау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, бахшылық өнері бірегей тарихи-мәдени мұра болып табылады және аталымдар жинағы осы ұлттық элементті Материалдық емес мәдени мұраның репрезентативті тізіміне енгізудің барлық нормасына жауап береді. Қабылданған қаулы ЮНЕСКО-ның қолдауымен бахшылық өнерін сақтау, көбейту және насихаттау іс-шараларын ұлттық және халықаралық деңгейде жаңғырту және насихаттау шараларын одан әрі күшейтуге қызмет етеді.

    «Бахшылық өнері» Өзбекстан Республикасы тарапынан Репрезентативті тізіміне енгізілген материалдық емес мәдени мұраның алтыншы элементі болды. Бұған дейін тізімге «Байсын ауданының мәдени кеңістігі» (2008), «Катта ашула» (2009), «Аския» (2014), «Палау мәдениеті мен дәстүрлері» (2016) және «Лазги» (2019) орын алған болатын. Сонымен қатар, Өзбекстан басқа мемлекеттермен де авторлықта «Шошмақом» (2008), «Наурыз» (2016) және «Миниатюра өнері» (2020) аталымдарын алға тартуға қатысты.

    Алдағы жылдарда «Өзбекстан керамикалық мектебі» ұлттық элементтері, сондай-ақ басқа елдермен «Қолөнердің дәстүрлі әдісі» және «Рубоб чалиш», «Орталық Азиядағы дәстүрлі кестешілік әдісі», «Қожа Насриддин әңгімесінің баяндалу дәстүрі» сияқты көпұлтты аталымдарды МММХҮК-ның талқылауына енгізу жоспарланған.

    ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша үкіметаралық комитетінің ХVI сессиясы 13-18 декабрь күндері Ұйымның Париждегі штаб-квартирасында виртуалды режимде өткізіледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates