Халықаралық еңбек ұйымы ұйымдастырған аталмыш шарада балалар еңбегі мен мәжбүри еңбек проблемасы, бұл өзекті мәселені жою үшін мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қабылдап жатқан шаралары, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған « 2021— Балалар еңбегін жоюдың халықаралық жылы» аясында атқарылған жұмыстар талқыланды.
Жоғары деңгейде өткізілген осы халықаралық шараға Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына қарсы және мәжбүри еңбекке қарсы күрес Ұлттық комиссиясының төрайымы Т.Нарбаева, Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер, Халықаралық жұмыс берушілер Конфедерациясының бас директоры Шарран Барроу, Халықаралық жұмыс берушілер конфедерациясының бас директоры Суарес Сантос, Халықаралық еңбек ұйымына мүше 187 елден 4000-ға жуық өкіл қатысты.
Халықаралық еңбек ұйымына мүше мемлекеттер арасынан тек Өзбекстан ғана қысқа мерзімде балалар еңбегі мен мәжбүри еңбекті толығымен жоюда жүзеге асырылған істері, еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін мемлекет ретінде халықаралық және аймақтық деңгейде ірі ұйымдар қатарында шараның ашылу салтанатына кіріспе сөз сөйлеп қатысты.
Шарада сөз сөйлеген Сенат Төрайымы Т.Нарбаева елімізде соңғы жылдары Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзияевтың басшылығымен барлық салаларда жүзеге асырылған жүйелі реформалар сияқты, еңбек қатынастарын халықаралық нормалар негізінде реттеу туралы жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Осы орайда, ең алдымен, ұлттық заңдылықты халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру, институционалдық базаны дамыту, мониторинг пен зерттеулер жүргізу, ауыл шаруашылығын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары осы саладағы ұлттық заңдылықты жетілдіру мақсатында 32 нормативтік-құқықтық құжат қабылданған, әр жылы Халықаралық еңбек ұйымының орташа екі конвенциясы ратификация жасалғаны, бұл салада балалар еңбегі мен мәжбүри еңбек үшін қылмыстық жауапкершілік шараларын күшейту тиімді шаралардың бірі болғанын тілге тиек етті.
Балалар еңбегіне және мәжбүрлі еңбекке қарсы күресуде, лайықты еңбек қағидаларын іс жүзіне енгізуде Адам саудасына және мәжбүри еңбекке қарсы күрес бойынша ұлттық және аумақтық комиссиялардың құрылғаны, осы мәселелер бойынша Ұлттық баяндамашының институттың құрылғаны бұл саладағы жұмысты тиімді үйлестіруге мүмкіндік бергені айтылды.
Бұдан тыс, балалар еңбегі мен мәжбүри еңбектің алдын алу бойынша халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен тиімді ынтымақтастық жолға қойылғаны, атап айтқанда, Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп атқарылып жатқан шаралардың тиімділігі айрықша атап өтілді.
Айта кетсек, Өзбекстан Республикасы Президентінің берік саяси ерік-жігері мен туындаған проблемаларға жүйелі жанасу негізінде қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары балалар еңбегі мен мәжбүри еңбек толығымен жойылды. Бұл нәтижелерді халықаралық қауымдастық мойындады.
Шара барысында халықаралық конференцияға қатысушылар елімізде балалар еңбегі мен мәжбүри еңбекке қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Бұл салада қол жеткізілген нәтижелер елімізде лайықты еңбек қағидаларын енгізу, тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету маңызды екенін, сондай-ақ Өзбекстан тәжірибесі өзге елдерге үлгі болуы қажет екені айтылды.
Атап айтқанда, Өзбекстанның балалар еңбегі мен мәжбүри еңбекке қарсы күресудегі көзқарасы дұрыс және тиімді екені расталды. Ұлттық заңдылықты халықаралық стандарттарға имплементациялаудан тартып, бұл жөніндегі жұмыстарға барлық мекемелерді тарту және олардың қызметін үйлестіру өз жемісін берді, – деді Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.
Қысқа уақыт ішінде балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекті толық жойған Өзбекстан тәжірибесі бүгінде барлық елдерге үлгі болады. Күшті саяси ерік-жігердің, адам саудасы мен мәжбүри еңбекке қарсы күрестегі жүйелі реформалардың, сондай-ақ тиімді халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде еңбек қатынастары жүйесі әлемдік стандартқа көтерілді, — дейді Халықаралық кәсіподақ ұйымы конфедерациясының Бас директоры Шаран Барроу.
Халықаралық шара өз жұмысын 20 майға дейін жалғастырады, онда бірқатар халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің өкілдері балалар еңбегі мен мәжбүри еңбекке қарсы күрес бойыша жүзеге асырылған іс-әрекеттер туралы баяндама жасап, пікір алмасу көзделген.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.