Пробация бақылауындағы тұлғалармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі артады

    Сенаттың елу тоғызыншы жалпы мәжілісінде сенаторлар «Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 206 және 248-баптарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңды қарады.

    Атап өткендей, бас бостандығынан айыруға байланысты болмаған жазаларды орындау, пробация бөлімдерінің бақылауындағы тұлғалардың мінез-құлқына ықпалды бақылауды жүзеге асыру бойынша жаңа жүйе құрылды. Осыған орай 2024 жылдың 7 августа «Пробация туралы» Өзбекстан Республикасы Заңы қабылданды.

    Осы жүйе аясында әкімшілік бақылаудағы және пробация бақылаудағы тұлғалардың құқықтары, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, рухани және физиологиялық тұрғыдан даму үшін жағдайлар жарату бойынша кең көлемді істер жүрзеге асырылды.

    Сонымен қатар, бүгінде елімізде әкімшілік бақылаудағы және пробация бақылаудағы тұлғалар арасында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілгеніне қарамастан, әкімшілік бақылаудағы және пробациялық бақылаудағы тұлғалармен жасалатын құқықбұзушылықтар саны артып келеді.

    Бұл осы бағыттағы құқықтық ықпалды шаралардың қайта қаралуы талап етіледі.

    2023 жылы әкімшілік бақылау туралы заңның ықпалымен 5529 тұлғаға қатысты әкімшілік бақылау орнатылған. 2024 жылдың 9 айында 5689 жуықты құраған болса, бұл санаттағылар саны 160 адамға өскен.

    Сондай-ақ, 2023 жылы 83 763 жуық тұлға ішкі істер органдарының пробация бақылауында тұрған болса, 2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 86 226-ны құраған, яғни биыл мұндай тұлғалар 2 463-ке өскен.

    2023 жылы әкімшілік бақылауда тұрған 4167 жуық тұлғаға соттар тарапынан белгілеген тыйымдарды (шектеулерді) орындамағаны үшін алғаш рет әкімшілік хаттамалары ресмилендірілген. 2024 жылдың 9 айында 3153 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

    Дәл осы санаттағы тұлғалар соттар тарапынан белгілеген тыйымдарды (шектеулерді) бірнеше рет орындамағаны үшін 2023 жылы 717 тұлға, 2024 жылдың 9 айында 637 тұлға Қылмыстық кодекстің 226-бабы бойынша (Әкімшілік бақылау ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылған.

    Бүгінде сотта белгілеген шектеулер мен міндеттерді орындамайтын пробация бақылауындағы тұлғалардың құқықбұзушылықтар жасағаны үшін, соның ішінде ауыр немесе орта ауыр қылмыстардың алдын алу бойынша жедел және ықпалды шараларды қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының пробация бөлімдерінің қызметкерлеріне қосымша өкілеттіктерді беру қажет екені туындауда.

    Сондықтан Ішкі істер министрлігінің бақылауында тұрған арнайы санатты тұлғалар арасында заң үстемдігін қамтамасыз ету, олардың бойында заңға бағыну мінез-құлқын, адамдарға, еңбекке, әлеуметтік тұрмыс ережелері мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында Заң жобасы әзірленді.

    Талқыланған Заңмен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 206-бабы санкциялық бөліміне қолданыстағы айыппұлдан басқа, әкімшілік қамау жазасы да қарастырылған.

    Пробация бөлімдері қызметкерлердің бақылаудағы тұлға тарапынан құқықбұзушылық жасаған жағдайда, оған қатысты әкімшілік хаттама жасау үшін оны аумақтық тұрғыдан жақын жерде орналасқан тірек пункітінің профилактикалық инспекторына апарып, әкімшілік хаттамасын толтыру қажет, осы пробация қызметкердің жұмысының тиімділігіне теріс әсер етеді және көп уақытты жұмсауға себеп болады.

    Осыған орай, талқыланған Заңмен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодестің 248-бабының төртінші бөліміне қосымша және өзгерістер енгізу арқылы ішкі істер органдарының 1852 және 187-баптары бойынша пробация бақылауындағы тұлғаларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттаманы жасау өкілететін пробация қызметінің аға инспекторы мен инспекторына беру нормасы белгіленеді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Талқылаудан кейін Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates