Заң Өзбекстанның халықаралық рейтингтер мен индекстердегі орнын жақсартуға қызмет етеді

    Сенаттың кезектегі жалпы мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына электронды (цифрлық) дәлелдермен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге қаратылған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы қаралды.

    Бүгінгі таңда ұлттық процессуалдық заңнамалық құжаттарда электрондық (цифрлық) дәлелдемелердің түсінігі, оларды пайдалану тәртібі және соған байланысты мәселелер қарастырылмаған. Электрондық (цифрлық) дәлелдемелерге қандай ақпаратты енгізу мәселелері заң жүзінде реттелмеген.

    Сондықтан осы Заңмен қолданыстағы бірқатар кодекстер мен заңдарға электрондық деректер мен цифрлық дәлелдер ұғымын, цифрлық дәлелдерді жинау, ұсыну, нығайту, қарау, тексеру және бағалау, оларды сақтау, қайтару, сондай-ақ жою тәртібін белгілейтін тиісті өзгерістер мен қосымшаларды енгізуді көздеуде.

    Атап айтқанда, электрондық деректерге электрондық құрылғылар мен ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған, өңделетін және сақталатын деректерді енгізу.

    Осы Заңға сәйкес, тергеуге дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның лауазымды тұлға, іздестіру, тергеуші, прокурор немесе сот тергеуі және сот үдерістеріне қатысушылардың берген электрондық деректерді мамандардың қатысуында қабылдап алуы, электрондық заттарды тексеру керектігі нақты тәртіп белгіленуде.

    Сонымен қатар, Заңда цифрлық дәлелдер түсінігі де айтылуда. Оған сәйкес, жұмыс үшін маңызды істер туралы электронды ақпарат, сонымен қатар электронды файылдар, аудио және бейне жазбалар , Интернет әлем ақпарат желісінде сақталып жатқан және тағы басқа электронды ақпарат цифрлық дәлел бола алатыны көрсетілген, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Осы Заңның қабылдануы Өзбекстанның халықаралық рейтингтер мен индекстердегі позициясын жақсартуға, заңнамадағы олқылықтарды жоюға, сондай-ақ әділ соттаудың сапасын және сот ісін жүргізуді жетілдіруге қызмет етеді.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates