Брюссельде Өзбекстан-Еуропа Одағы ынтымақтастық комитетінің 18-жиналысы өтті

    Үстіміздегі жылдың 6 июлінде Брюссельде Өзбекстан-Еуропа Одағы ынтымақтастық комитетінің 18-жиналысы өтті. Еуропа делегациясына Еуропа сыртқы әрекет қызметінің (EСӘHҚ) Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша басқарушы директорының орынбасары Люк Девин басшылық жасады, ал Өзбекстан тарапынан шараға Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары Л. Қудратов қатысты.

    Шара барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен оларды дамыту болашақтары талқыланып, аумақтық және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

    Еуропа тарапы Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім мәтіні бойынша келіссөздер үдерісі аяқталғаны мен құжатқа келісілгені құпталды. Келісімнің парафирленген жобасы ынтымақтастықта жүргізілген қажырлы іс-әрекеттердің жемісі екені атап өтілді. Құжат Өзбекстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынаста мүлде жаңа парақ ашудың негізін қалады.

    Таяу және ұзақ болашаққа арналған ынтымақтастық жоспарлары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, биыл Самарқант қаласында «Еуропа Одағы – Орталық Азия» форматындағы өзара байланысты нығайту бойынша Министрлердің кездесуі мен халықаралық конференция өткізу жоспарлануда. Тараптар жақын арада Брюссельде өтетін «Өзбекстан-ЕО» ынтымақтастық Кеңесінің келесі жиналысын ұйымдастыру мерзімдерін де белгілеуге келісті.

    Өзбекстанға «GSP+» Преференциялар бас жүйесінің бенефициары мәртебесі белгіленгендігі еліміз бен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды әртараптандыру мен дамытуға елеулі үлес қосып отырғаны атап өтілді. 2024 жылдан бастап Еуропа комиссиясы «GSP+» жүйесіне қойылатын талаптарды күшейтуді және оны Өзбекстан тарапынан әлдеқашан ратификациялаған 6 жаңа халықаралық конвенциямен толықтыруды жоспарлап отырғаны атап өтілді.

    Еуропа тарапы 2021-2024 жылдарға арналған 83 миллион еуро көлеміндегі Қаржылық және техникалық көмек көрсетудің индикативтік бағдарламасын іске асыруды мүмкіндігінше тезірек бастауға ниетті екенін білдірді. Бағдарламада тиімді мемлекеттік басқару және цифрлық трансформация, «жасыл» даму, инклюзивті өсу, «ақылды», экологиялық таза агроөнеркәсіп пен азық-түлік секторын дамыту, ауылдардың әл-ауқатын арттыру сияқты бағыттарды қамтыған.

    Жиналыстың күн тәртібіндегі басқа да мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Өзбекстанда инвестициялық ортаны жақсарту және елдегі бизнесті жүргізу үшін жасалған жағдайларды дамыту бойынша жүргізілген реформалар оң бағаланды. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үшін атқарып жатқан шараларына қолдау көрсетілетіні айтылды.

    Келіссөздер соңында Еуропа комиссияның 2027 жылға дейінгі бағдарламалық циклі аясында біріккен бастамаларды өмірге енгізуді жеделдету үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates