Сараптамалық топтар саяси партиялар ұсынған қол қою парақтарын қарады

    Сайлау заңнамасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Заң шығару палатасының сайлауына қатысатын саяси партиялар ұсынған қол қою парақтарының дұрыс толтырылғанын тексеретін Сараптамалық топ құруы, сондай-ақ бес күн ішінде деп тексеріп шығуы белгіленген.

    Осының негізінде Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы жылғы 10 августа «Саяси партиялар ұсынған қол қою парақтарының дұрыс толтырылуын тексеру үшін сараптамалық топтар құру туралы» шешім қабылдады.

    Сараптамалық топтың құрамына Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігіне қарасты Х.Сулаймонова атындағы Республикалық сот-сараптамалық орталығының Құжаттар криминалистік сараптамасы зертханасының хаттанушы сарапшылары, Ташкент мемлекеттік заң университетінің, сондай-ақ азаматтық қоғам институтының өкілдері жұмылдырылды.

    Аталған сарапшылық топтармен Сайлау кодексінің және Орталық сайлау комиссиясының тиісті Жарғы талаптарын қатаң сақтай отырып, саяси партиялар ұсынған құжаттардың, оның ішінде саяси партияларды қолдайтын қол қою парақтарының дұрыс толтырылуын, қолтаңбалардың шынайылығын тексеру үдерісі өтті. Қол қою парақтарының дұрыс толтырылуын тексеруге саяси партиялардың өкілетті өкілдері де қатысты.

    Сараптамалық топтар тексеру үшін сайлаушылардың әрбір саяси партияны қолдап берген қолтаңбасын бірдей шамада, әрбір әкімшілік-аумақтық құрылымнан, яғни Қарақалпақстан Республикасынан, облыстардан, Ташкент қаласынан тең шамада таңдап алды.

    Сараптамалық топ мүшелері әрбір қол қою парағын тексеріп, оның дұрыс толтырылуына, түзетулер болғанына, жойылған түзетулердің барына, түрлі тұлғалар тарапынан толтырылғанына, ұқсас қолдардың бар екеніне, бекітілген түзетулер енгізілгеніне назар аудара отырып тексерді.

    Визуалды тексеруде анықталған кемшіліктер немесе күдікті жағдайлар анықталған қол қою парақтары мұқият тексеру үшін іріктеліп алынып, осы саланың кәсіби мамандары болып табылатын криминалист, хаттанушы сарапшылары жазуларды үлкейтіп көрсететін арнайы құрылғылардың көмегімен мұқият тексерді.

    Егер Орталық сайлау комиссиясы таңдаған қол қою парақтарын тексеру нәтижесінде қол қою парақтарының заңнаманы бұза отырып толтырылғаны анықталса, бұл қол қою парақтары саяси партияның өкілетті өкіліне қайтарылады және оған кемшіліктерді жою үшін екі күндік уақыт беріледі.

    Сараптамалық топтар қол қою парақтарын тексеру нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды. Орталық сайлау комиссиясы Сараптамалық топтардың қорытындыларын ескере отырып, саяси партиялардың Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңестер депутаттарын сайлауға қатысуына және депутаттыққа кандидаттар ұсынуына рұқсат беру туралы мәселені қарап, тиісті шешім қабылдайды.

    Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates