Елімізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 418,7 мыңға жетті

    Қаржы 5 Yanvar 2024 369

    Макроэкономикалық және аумақтық зерттеулер институтының (МАЗИ) сарапшылары 2023 жылдың 9 айында (январь-сентябрь) шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің негізгі бағыттарын талдау жасады.

    2023 жылдың 9 айының (январь-сентябрь) қорытындысына орай, жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 418, 7 мыңға жетті. Оның 67,7 мыңы жаңадан ашылған шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың үлесі саудада 38,6 пайызды құраған болса, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде 1,7 пайызды құрады.

    Талдау кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерінің (жұмыс және қызметтер) экспорты 5,3 миллиард долларды немесе жалпы экспорт көлемінің 30,1 пайызын құрады. Аумақтар бойынша экспорттың ең жоғары үлесі Сұрхандария облысында (74,7 пайыз), ең төменгі үлесі Науаи облысында (8,3 пайыз) тіркелді.

    Еліміздің шағын кәсіпкерліктің экспорттағы үлесі 2,7 пайыздық пункітіне өсті. Аймақтар бойынша Сұрхандария (15,7 пайыз пункті), Ферғана (19,4 пайыз пункті) облыстары мен Ташкент (7,1 пайыз пункті) қаласында ең жоғары өсу байқалды.

    Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда 1,7 пайыз пунктіне жоғары өсті. Көрсетілген жалпы қызмет көлеміндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 47,2 пайызды құрады.

    2023 жылдың январь-сентябрь айларында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі капиталға игерілген инвестицияның көлемі 118,1 триллион сумды құрады. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,8 пайызға артық. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 119,1 триллион сумға жеткен және 115,5 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 80,0 триллион сумға жетіп, өсу қарқыны 105,9 пайызды құрады. Қызмет көрсету саласының көлемі 155,2 триллион сумды құрап, 105,3 пайызға өсті.

    Айта кету керек, әйелдер басқаратын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикадағы үлесі артып келеді. Аумақтар бойынша Ташкент қаласында әйел басшылар басқаратын шағын кәсіпорындар мен микрофирмалардың үлесі 27,9 пайызды құрайтыны анықталды. Одан кейінгі орындарда Ташкент (12,8 пайыз), Самарқант (8,4 пайыз) облыстары мен Қарақалпақстан Республикасы (6,6 пайыз) иелейді, деп хабарлайды Макроэкономикалық және аумақтық зерттеулер институтының баспасөз қызметі.