Мемлекет басшысының қатысуында энергия ресурстарымен қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті

    Билік 16 Yanvar 2023 5490

    16 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен халықты энергия ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары туралы бейне байланысты кеңес өтті.

    Соңғы күндері Өзбекстанға суық ауа ағыны енді. Энергия мен жылу беруде үзілістер байқалды. Мемлекет басшысы бұл мәселеге тереңірек тоқталып, шұғыл шаралар қолға алынатынын қадап айтты.

    - Мені суықтан қиындық көріп жатқан әр отбасының, әрбір адамның көңіл-күйі мен сезімі қатты алаңдатуда. Мұны әрбір басшы сезінуі керек. Биылғы суық бүкіл жүйенің жағдайын, қысқа дайындық жеңіл болғанын көрсетті. Енді бұлай жалғастыру мүмкін емес. Жағдайды түзету үшін жылдам шаралар қабылдаймыз, - деді Шавкат Мирзияев.

    Жиында табиғи газ және электр қуатымен қамтамасыз ету, коммуналдық саладағы мәселелер сыни тұрғыдан сараланды.

    Мысалы, Ташкент қаласында ондаған ықшамауданда электр жарығы және газбен қамтуда үзілістер болды. Кейбір трансформаторлар мен төмен вольтты желілер шамадан тыс жүктемеге төтеп бере алмағандықтан істен шықты.

    Себебі, құрылыс мақұлданған кезде бар инфрақұрылымға түсетін жүктеме нақты есептелмеген. Ташкент қаласының Бас жоспары әлі бекітілген жоқ. Рұқсатсыз салынған нысандар саны 250-ден асқан.

    Сондықтан Ташкент қаласының мэрі Ж.Артыкхуджаев жағдайды алдын ала бағалап, қыс маусымына дайындықтың жеткіліксіздігі себепті қызметінен босатылды.

    Ташкент облысының әкімі З.Мирзаев қатаң ескерту алса, республикадағы бірқатар аудан, қала әкімдеріне сөгіс жарияланды.

    Талимаржон жылу станциясының энергоблогын жөндеу және электр қуатын өндіруді қамтамасыз етпеуіне байланысты Энергетика вице-министрі Ш.Ходжаев пен «Жылу электр станциялары» АҚ басшысы Ф.Абдурахманов қызметінен босатылды. Сондай-ақ «Узтрансгаз», «Узбекмұнайгаз» және «Аумақтық электр желілері» АҚ басшыларына тәртіптік жаза және сынақ мерзімі тағайындалды.

    Электр және газ желілерінде көптеп тоналған жағдайлар көрсетілді. Тек соңғы айларда мұнай-газ және энергетикалық бақылау жүйелерінде 192 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Бас прокуратураға аталған салалардағы сыбайлас жемқорлықты жою, автокөліктерге жанар-жағармай құю бекеттеріндегі ұрлық фактілерін тоқтату жөнінде тапсырмалар берілді.

    Жиында электр және газ желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар белгіленді.

    Премьер-Министр мен Энергетика министріне барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, қолда бар ресурстарды әділетті түрде бөле отырып, проблемалық аймақтарды тез арада энергиямен қамтамасыз етуді тапсырды. Шетелден білікті мамандарды тарту арқылы менеджмент пен өндіріс процестерін цифрландыру қажеттігі сөз болды.

    Экономика және қаржы министріне энергетика саласындағы кәсіпорындарда есеп айырысуды және қаржылық мәселелерді шешуді тапсырды.

    Энергиямен қамтамасыз етудегі үзілістердің себептері мен атқарылып жатқан шаралар халыққа дер кезінде түсіндірілуі керек. «Жомарттық және қолдау» қорынан жалғыз басты қариялар, акұн көрісі төмен көп балалы отбасыларға көмек көрсетіліп, ауыр жағдайда жылы жаққа көшіріледі.

    Сондай-ақ, базарларда жағдайды жақсартып, өнімдерді қауіпсіз сақтау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету маңыздылығы атап өтілді.

    Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу үшін энергетикалық кәсіпорындардың басшылары мен әкімдерге нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

    Жиында Энергетика министрі мен әкімдер күшейтілген тәртіпте атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates