Жәрмеңкеге «SAMO» спорт кешенінің 2,8 мың шаршы метр жабық және 1,7 мың шаршы метр ашық алаңдары пайдаланылды. Шараға тоқымашылық, былғары-аяқ киім, мебель, мұнай-газ, электротехника, құрылыс материалдары, фармацевтика сияқты салаларға маманданған 1800-ден астам Өзбекстан кәсіпорындары, қол өнершілер, сондай-ақ Тәжікстан мен Қырғызстан кәсіпкерлері қатысты.
Қатысушылар жалпы тамақтану кәсіпорындарына арналған жабдықтар, зертханалар мен дәрі-дәрмекке арналған жиһаздар, су сорғылары және оларға арналған қосалқы бөлшектер, жасанды (синтетикалық) талшықтар, рентгендік медициналық жабдықтар, ғимараттардың қасбеттеріне арналған жабындар, табиғи сәндік тастар (агломерат), 3D форматтағы кілемдер, түрлі өнеркәсіптік фильтрлер, электроскутер, ақылды автономды жылжымалы бағдаршамдар, үлкен көлемдегі камералық тоңазытқыштар, жылжымалы дүкендер, инкубаторлар сияқты 14 түрлі жаңа өнімдер көрмеге қойылды.
Ынтымақтастықты дамыту мақсатында B2B ретінде ұйымдастырылған кездесулері мен келіссөздері Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 40-тан астам бизнесмендермен өзара мүдделі ортақ тіл табуға көмектесті.
Жәрмеңкеге шағын және орта бизнесті мемлекет сатып алуға жұмылдыру мақстаныда мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да бюджеттік тапсырыс берушілерінің өкілдері шақырылды.
Көрмеге келушілер үшін Ферғана облыс әкімшілігі, Инновациялық даму министрлігі, «Узэлтехсаноат», «Узчармсаноат», «Узқурилишматериаллари» бірлестіктері, «Узкимёсаноат» АҚ, «Навоиазот» АҚ, «Имкон пласт» ЖШҚ, «Технопарк» ЖШҚ (Пролайн), Фармацевтика өнеркәсібін дамыту агенттігі мен өндірістің негізгі тенденцияларын қалыптастыратын бірқатар компаниялар тиісті салалардың инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуеті, еліміздің түрлі аумақтарындағы өндірістің ерекшеліктері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен экспорттаушыларды қолдау шаралары туралы тұсаукесерлер өткізілді.
Инвесторлармен нақты баяндамаларда келіссөздер жүргізу мақсатында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі Ферғана облысының табиғи, инфрақұрылымдық және басқа да үстемдіктерін ескере отырып, құны 3,1 миллиард доллар болатын 240 болашағы зор инвестициялық жобаны әзірлеп, таныстырды.
Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша Электронды кооперация порталы арқылы 272,4 миллиард сумдық 779 келісім-шарт жасалып, соның ішінде аумақтық кәсіпорындар тарапынан өнім сатып алу бойынша 109,2 миллиард сумға 140, өнімді жеткізіп беруге қатысты 257,2 миллиард сумға 648 келісім-шарт жасалған. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында жалпы құны 10 916,67 миллион сумға тең болған 14 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.