Рас, бір оқығанда «географиялық көрсеткіш» деген ұғымды түсіну біршама қиын. Келің, алдымен осыдан бастайық.
Қарапайым тілмен айтқанда, бір өнім немес өлке айтылғанда осы өнім өсірілген немесе өндірілген аймақ біздің көз алдымызда бейнеленеді. Мысалы, керамика дегенде Риштон қолөнершілері, жүзім дегенде алтыарықтық диқандары көз алдымызға келеді. Міне, осы жағдайды «географиялық көрсеткішпен» салыстыруға болады. Яғни, белгілі бір географиялық аймақтан шыққан және олардың шыққан жерімен байланысты ерекшеліктеріне немесе сапасы бар тауарларда пайда болатын белгі. Белгілену тек белгілі бір аумаққа қатысты өнімнің шыққан жерін көрсететін болса ғана географиялық көрсеткіш қызметін атқара алады.
Өзбекстан Республикасында соңғы 5 жылда материалдық емес байлықтарға қатысты пайда болатын құқықтық қатынастардың даму үдерісі өте жылдам қарқынмен көрініс табуда.
Интеллектуалдық мүлік саласын дамыту бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар Өзбекстан Республикасының 2022 жылғы 3 марттағы «Географиялық көрсеткіштер туралы» 757-санды Заңында да өз көрінісін тапты.
Тақырыпқа қайта оралайық
Ферғана облысы Әділет басқармасының қолдауымен Өзбекстан Республикасында алғашқылардың бірі болып Ферғана облысының Марғылан атласы мен адрасы, Қоқан пышақтары географиялық көрсеткіш ретінде тіркелді. Бұл тәжірибе елімізде алғаш рет қолданылуда.
Табиғи сұрақ туындайды. Ресми тіркеуден өткізілуі Марғылан мен Қоқан үшін, сонымен қатар осы аумақтағы кәсіпкерлерге не береді? Оның қандай маңызы бар?
– Қазіргі таңда кәсіпкерлерге Өзбекстан Республикасының 2022 жылғы 3 мартындағы «Географиялық көрсеткіштер туралы» 757-санды Заңының мән-мазмұнын түсіндіру жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – дейді Ферғана облыстық әділет басқармасының бас кеңесшісі Умиджон Назиров. — Марғылан атласы, адрас және Қоқан пышақтары жергілікті базарда және шетелге экспорттаудың сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Шетелде бұл тәжірибе қандай реттелген?
Жергілікті заңдылық үшін географиялық көрсеткіштер институты – елімізде жаңа енген. Интеллектуалды мүлік дамыған елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Түркияда 1995 жылдан бастап географиялық көрсеткіштерді заңды түрде тіркеу және кәсіпкерлерге куәлік беру жүзеге асырылып, нәтижесін берді. Бүгінгі таңда Түркияда мыңнан астам географиялық көреткіштер тіркелген.
Тағы бір мысал, Колумбия кофесі өзінің географиялық белгісін қорғау үшін өз плантацияларында өсірілмеген немесе стандарттарға сәйкес өндірілмеген кофе өнімдеріне «Колумбия кофесі» терминін қолдануға рұқсат бермейді. Заңмен қатаң қорғалады.
Марғылан атласын, Марғылан адрасын және Қоқан пышақтарының географиялық көрсеткіші ретінде тіркеуден өткізілгені үшін құқықтық кепілдік жаратады. Атап айтқанда, бұл куәлік негізінен қызмет жүргізіп жатқан кәсіпкерлік субъектілеріне олардың географиялық көрсеткіштерінен рұқсатсыз пайдаланбауға және контрафактілік өнімдеріне қарсы күресуге мүмкіндік береді.
Элёржон Эхсонов,
Ферғана облысының Әділет басқармасының
Жұртшылықпен байланыс бойынша жетекші кеңесші.