"Тұмаудың белгілері бәрімізге жақсы таныс. Алайда дене қызуы қалыпты болып, жөтел мен мұрынның ағуы тоқтаған кезде көптеген адамдар аурудан толық айықтым деп ойлайды. Бұл қате тұжырым", - дейді М. Асилова. — Дейтұрғанмен, аурудың өткір кезеңінен соң физиологиялық және рухани әлсіреген, сусызданған және көп қуат жоғалтқан ағзаның қалпына келу кезеңі басталады. Осы кезде денеде әлсіздік, шаршау пайда болады.
Зерттеулерге сәйкес, тұмаудың жеңіл түрінде ағза шамамен жеті-он күнде қалпына келеді. Аурудың орташа ауыр кезеңінде бұл кезең он және он төрт күнге дейін, кейде 21 күнге дейін созылады. Тұмаудың ауыр түрін толығымен жеңіп, күш-қуатын қалпына келтіру үшін үш ай қажет.
Бұл әркімде әртүрлі кешеді. Қалпына келу мерзімі науқастың аурудың басталуына дейінгі иммундық жағдайына байланысты. Өйткені вирус созылмалы ауруларды тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, тұмаудың асқынуы тек отит пен синуситке ғана емес, вирустық пневмонияға, менингитке, жүректің ишемиялық ауруына, бронх демікпесіне және созылмалы бронхитке де себеп болуы мүмкін.
Бұл вирустарға қарсы күрескеннен кейін иммундық жүйенің әлсіреуімен және ішкі ағзалардың дұрыс жұмыс істемеуімен түсіндіріледі. Сондай-ақ ауру кезінде жұқпалы аурулардың салдарынан жүйке жүйесі зақымдалады. Нәтижесінде токсиндердің миға әсері науқас толық аяғына тұрғаннан кейін ұзақ уақыт бойы жалғасады.
Сондықтан науқаста шаршағыштық, ашушаңдық, бас ауруы, ұйқының бұзылуынан, есте сақтау қабілеті және жұмыс қабілеті төмендегенінен зардап шегеді.
Өз кезегінде, емдеу кезінде қолданылатын дәрілердің кейбір жанама әсерлері бауырға, бүйрекке, ас қорыту жүйесіне әсер етуі мүмкін.
Сондықтан тұмаудан айыққан науқастарға мыналар қажет:
- физиологиялық белсенділік және күйзелісті болдырмау қажет;
- иммунитетті күшейту;
- дұрыс тамақтану;
- дәрумендік терапия;
- ішек микрофлорасын қалпына келтіруге бағытталған дәрілік емдеу;
- массаж және физиотерапия жаттығулары.