Ең бастысы, кластер қызметі толық іске қосылғаннан кейін, мұнда бір мезгілде кардиологтың, офтальмолог немесе эндокринологтың кеңесін осы жерде алуға болады.
Мұнда емделуші барлық қажетті ем-кеңес алып, осы жердің өзінде «бір шаңырақ астында» уақытын да, қаржысын да үнемдейді.
Ол үшін бұл жерде барлық мүмкіндіктер жаратылып, білікті дәрігерлер бригадасы қалыптастырылады. Нәтижесінде олар науқастың денсаулығына байланысты елеулі өзгерістер болса, осы жердің өзінде консулим негізінде нақтама қойып, емдейді.
— Қазірде Гүлстан медициналық кластерінің 100 орынды терапия корпусы жаңадан салынып, пайдалануға берілді, — дейді Гүлстан медициналық кластерінің директоры Қодир Хатамов. – Оның құрылысына 18 миллиард сум қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын Гүлстандағы «Шахрух-Димербек» жауапкершілігі шектеулі қоғамының құрылысшылары жүргізді.
Қазіргі таңда бұл ғимаратта жалпы терапия және реабилитация, неврология, кардиоревматология, пульмонология және гематология бөлімдері орналасып, өз жұмысын бастады, енді облыстық көптармақты медициналық орталықтан Гүлстан медициналық кластері балансына өткізілген ескі 2 қабатты хирургия ғимаратында қайта жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға 3 миллиард сумға жуық қаржы бөлінді. Құрылыс және қайта жөндеу жұмыстары аяқталған соң бұл жерде 60 орынды эндокринология диспансері хирургиялық қызметімен, сондай-ақ 30 орынды іріңді септикалық хирургия, ғимараттың бірінші қабатында 15 орынды нефрологиялық бөлімдер жұмыс істей бастайды.
Гүлстан медициналық кластерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, оны заманалық медициналық құрал-жабдықтармен жиһаздау мақсатында, өткен 2021-2022 жылдар барысында 1 миллиард 735 миллион сумға жоғары технологиялық операцияларды жүргізуге арналған 10 түрдегі құрал-жабдықтар, яғни анализатор, цифрлық рентген, камералық микроскоп, бейнеэндоскоп, диагностикалық істерді жақсарту үшін цифрлық «DRF-4» әкелініп, орнатылды. Алдағы уақытта магнитті-резонансты томограф аппаратын әкелу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Гүлстан медициналық кластерінде медицина қызметкерлерінің ғылыми жұмыспен айналысуы үшін республиканың мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталықтарымен ынтымақтастық байланыс жолға қойылған. Бұл медициналық кластерге қарасты нефрология және гемодиализ, хирургия және нейротравматология бөлімінің бірқатар дәрігерлеріне өз бетімен жұмыс істеп, ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруде.
Биылдың өзінде осы кластерде 150-ден астам жоғары технологиялық іс-тәжірибелер жүргізілді. Мұның нәтижесінде жоғары технологиялық хирургияны қажет ететін, осы тәжірибеге қатысты мәселелермен республикалық ғылыми-практикалық медициналық орталықтарға осы іс-тәжірибеге жүгінетін науқастардың саны күрт азайды.
Гүлстан медициналық кластері толықтай іске қосылғанда мұнда тұрғындардың денсаулығына қатысты көптеген мәселелер шешімін таппақ. Мұнда білікті медициналық қызмет сол жердің өзінде көрсетіледі.
Ғулом Примов,
Сырдария облыстық
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.