Президет өңірлерде өнеркәсіпті дамыту шаралары туралы жиын өткізді

    Билік 7 Noyabr 2022 5242

    Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 7 қарашада жергілікті өнеркәсіпті дамыту мәселелеріне арналған бейне селекторлы кеңес өтті.

    Өзбекстанда кәсіпкерлікке жасалған жағдайдың арқасында аймақтарда шағын өндірістер көбейуде. Халық жұмыспен қамтылып, нарықтық өнімдер дайындалуда. Бірақ әлемдегі қазіргі күрделі жағдай, көлік пен логистикадағы үзілістер бұл желіге де әсер етуде.

    Биылғы жылдың 9 айында республикада өнеркәсіп 5,3 пайызға өсті. Дегенмен, 65 ірі аймақтық кәсіпорында өндіріс төмендеген. Мемлекет тарапынан қаржы бөлінгенімен, 118 индустриалды аймаққа инфрақұрылым әлі жеткізілмеген. Экспортта GSP+ мүмкіндігінен толық пайдаланылмай тұр.

    Бүгінгі жиында осындай кемшіліктер мен саладағы өзекті міндеттер талқыланды.

    – Өндірістік сала басшылары, әкімдер осы қиын жағдайда мүмкіндіктерді іздеп, ішкі ресурстарды пайдаланып, ұсыныстар мен бастамалар көрсетуі керек. Барлық мәселені өз күшімізбен, қажырлы еңбегімізбен, тілегімізбен шешетініміз, деді Шавкат Мирзияев.

    Тұрмыстық техника, кілем, жиһаз өндірушілерді кепілдендірілген шикізатпен қамтамасыз ету, қуаттылығы төмен кәсіпорындарға көмек көрсету жөнінде тапсырмалар берілді.

    Өткен жылы Өзбекстан Еуропалық Одақтың GSP+ кеңейтілген преференциялар жүйесіне қабылданғаны белгілі. Осының аясында жеңілдікпен Еуропа нарығына 6200-ден астам өнім түрін шығаруға болады. Ол үшін Өзбекстан тарапынан көлік шығындарына 70 пайызға дейін субсидия берілуде. Алайда тоқыма өнімдерінің 6 пайызы, электр жабдықтарының 3 пайызы, жібек пен азық-түліктің 1 пайызы ғана Еуропаға сатылады.

    Мемлекет басшысы жергілікті кәсіпорындардың халықаралық сертификаттар алып, сыртқы нарыққа шығуына қолдау көрсету қажеттігін баса айтты. Келер жылы Еуропаға өнеркәсіптік экспорт көлемін 700 миллион долларға жеткізу мүмкіндігі бар екені сөз болды.

    Жергілікті өнеркәсіптің ірі саласының бірі – тоқыма. Соңғы жылдары Өзбекстан кәсіпкерлері бұл бағытты жақсы меңгерді. Дегенмен, сырттан әкелінетін өнімдер әлі де бар.

    Сондықтан, «Узтуқимачиликсаноат» бірлестігіне кем дегенде 50 түрлі жаңа өнім түрлерін жергіліктендіру міндеті жүктелді. Мұндай жобалар үшін коммерциялық банктерге 100 миллион доллар, кілем өндірісіне 50 миллион доллар инвестиция салынады. Еуропа елдеріне, Түркия, Египет, Мароккоға дәке мен трикотаж мата экспорттаудағы көлік шығындарының 70 пайызы өтеледі.

    Жалпы, тоқыма өнеркәсібін жаңа қарқынмен дамытып, алдағы жылы 5 миллиард доллардан астам экспорттау бағдарламасы қабылданады.

    Тағы бір кешенді бағыт – құрылыс материалдарын өндіру. Бұл салада көптеген өнім түрлері мен жұмыс орындары бар. Сондықтан Президент осындай кәсіпорындарды қолдауға бағытталған «өндіріс ипотека» бағдарламасын әзірлеу туралы бастама көтерді. Бұған бірінші кезеңде 50 миллион доллар бөлініп, несие 7 жылға, 2 жыл жеңілдікпен беріледі.

    Республиканың бірнеше аудандарында құрылыс материалдарының индустриялық аймақтары, Ангрен қаласында шыны ыдыс пен санитарлық-техникалық бұйымдар кластері құрылатыны айтылды.

    Бұл сектордағы экспортты 1 миллиард долларға жеткізу мақсат етіп қойылды.

    Бүгінде жиһаз жасау халық қолөнері деңгейіне көтерілді. Бұхара, Наманган, Самарқанд, Әндіжан, Ферғана және Хорезмдегі 100-ге жуық аудан осыған маманданған. Мемлекет басшысы қолөнершілерге жағдайды кеңейту үшін осы аудандардың айналасында жиһаз өнеркәсібі орталықтарын құру қажеттігін айтты.

    Жиһаз жасау бойынша кедендік жеңілдіктер мерзімін 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту, осы саладағы жобалардың санын арттыру жөнінде тапсырма берілді.

    Зергерлік саласында да мүмкіндіктер өте кең. Республикада 300 миллион долларлық нарық бар. Бұл сұранысты жергілікті зергерлер оңай қанағаттандыра алады. Сондықтан оларды қолдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап бірқатар жеңілдіктер белгіленді.

    Атап айтқанда, алтын мен күмісті кешігіп төлеуге барлық банктер мен Экспортты ынталандыру агенттігінің кепілдіктері қабылданады. Бұл опция жеке зергерлер үшін де қол жетімді. Зергерлік бұйымдарға қажетті шикізатты уақытша алып кіру және алып шығуға қойылатын лицензиялық талаптар жойылдады, асыл және сәндік тастар кедендік баж салығынан босатылады.

    Жиында экспортты ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды.

    – Біз келесі жылы экспорттық қолдауды кеңейтеміз. Енді экспорт көлеміне қарай салаларға субсидия берілетін жүйе болады. Бүгінгі жиынның нәтижесінде облыс өнеркәсібін дамытуға қосымша 300 миллион доллар және 350 миллиард сум бөлінетін болды. Алға қойған мақсаттар орындалса, келесі жылы қосымша 2 миллиард доллар экспортты қамтамасыз етуге болады, деді Мемлекет басшысы.

    Жалпы, келер жылы жалпы құны 8 миллиард доллардан асатын өңірлік өнеркәсіп өнімдерін экспорттау шаралары сараланды. Өзбекстан елшілеріне шетелден заманауи технологиялар мен инвестиция тарту міндеті жүктелді.