Мемлекет басшысы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 22 Iyul 2022 4178

    22 шілде күні Президент Шавкат Мирзияев Сұрхандария, Наманган және Ташкент облыстарын ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған жобалардың таныстырылымына қатысты.

    Ауыз су халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етудегі маңызды ресурс болып табылады. Сондықтан бұл мәселеге ерекше мән беріліп, мақсатты жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 2017-2022 жылдары 12 триллион сумға 25 мың 300 шақырымнан астам желі, 1 мың 800-ден астам су құрылыстары салынып, қалпына келтірілді. Соның нәтижесінде 6 миллион 500 мың адам алғаш рет орталықтандырылған ауыз суды пайдаланды, 4 миллионнан астам адам сумен жабдықтауды жақсартты. Жалпы, бүгінде халықтың 70 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

    2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясында орталықтандырылған ауыз сумен қамтуды 87 пайызға жеткізу, 155 аудан орталығында кәріз жүйесін жаңарту міндеті белгіленген. Сұрхандария, Наманган және Ташкент облыстарында жоспарланған жобалар осының бір бөлігі.

    Мемлекет басшысының бұл өңірлерге ерекше көңіл бөлуі тегін емес. Себебі, Чуст, Поп, Наманган, Музработ елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету 50 пайызды құрап, қалған аудандармен салыстырғанда жағдай нашар. Қолданыстағы желілер де ескірген. Судың кермектігі 1,5 есеге артқандықтан асқазан-ішек, урологиялық аурулар көбейген.

    Ташкент облысындағы бірнеше қалаларында ағынды сумен қамту тіпті 60 пайызға да жетпейді. Бұл көрсеткіш Чуст және Чиноз аудандарында 3 пайызды құраса, Мыңбұлақта мүлде жоқ. Соңғы жылдары бұл аудан-қалаларда тұрғын үйлер көптеп салынып, халық саны қайта арта түскен.

    Презентацияда шенеуніктер аталған үш жоба бойынша ақпарат берді.

    Бұл жобалар Сұрхандарияның 1 ауданында, Наманганның 4 ауданында, Ташкент облысының 7 қаласы мен ауданында жүзеге асырылады. Олардың ішінде 660 шақырым ауыз су және сарқынды су желілері, 4 су алғыш, 7 су тазарту қондырғысы, 12 ағынды су стансасы салынады. Барлығы 1 200 000 адамның қажеттіліктерін өтейді. Атап айтқанда, 590 мың тұрғынға алғаш рет ауызсу және сарқынды су қызметі көрсетіліп, 595 мың адамның су жағдайы жақсарады.

    Жобалардың техникалық-экономикалық аспектілерін талқылау барысында Президент «су көзі оларға жеткілікті ме?» деген сауал қойды. Жобалар аясында кемінде 30 жылға жететін су қорын жасау қажеттігін айтты.

    Екіншіден, құрылыс құнын төмендету бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, сатып алуды 80 пайызға локализациялау арқылы 10 пайыз үнемдеуге болатыны сөз болды.

    Тағы бір маңызды мәселе – жұмсалған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету. Өйткені көп жерде ауыз судың төлемі толық емес. Наманган, Сұрхандария және Ташкент облыстарының дебиторлық қарызы 210 млрд сумға жеткен.

    Сондықтан энергияны үнемдейтін жабдықты пайдалана отырып, сумен жабдықтау шығындары мен жоғалтуын азайту міндеті қойылды. Барлық процестерді цифрландыру, бірлесіп жұмыс істеу және төлемді қамтамасыз ету маңыздылығы атап өтілді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates