Экологиялық құқықтарды қорғауда журналистердің рөлі артып келеді

    Үстіміздегі жылдың 15 майда Ташкент қаласында «Азаматтардың экологиялық құқықтарын насихаттау мен қорғауда бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

    Шараны Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы бірқатар серіктестермен бірлесіп ұйымдастырды.

    Серіктес ұйымдардың қатарында Өзбекстан Республикасы Президенті Администрациясының жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі, Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық бөлімі және ЮНЕСКО-ныңеліміздегі өкілеттігі бар.

    Дөңгелек үстел сұхбатында азаматтардың экологиялық құқықтарын кеңейту мен тиімді қорғау тақырыбының баспасөзде жариялаудың жай-күйі туралы айтылды. Бұл үдерісте, сондай-ақ жұртшылық пікірін қалыптастыру, экологиялық стандарттар мен саясатты әзірлеу және жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің рөлі жан-жақты талқыланды.

    Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жариялауда журналистер кездесетін заманалық проблемалар мен кедергілерге назар аударылды. Сондай-ақ экологиялық ақпараттың сапасы мен олардан пайдалану мүмкіндіктері арттыру да қаралды.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты мен Заң шығару палатасының, азаматтық қоғам институттарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Олий Мажлис Заң шығару палатасы Спикерінің бірінші орынбасары, Өзбекстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Акмал Саидов еліміздің экологиялық құқықтарға қатысты халықаралық келісімдер мен стандарттарды жүзеге асыру тәжірибесіне толық тоқталды.

    Өзбекстан үкіметі тарапынан экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қабылданып жатқан маңызды шаралар, сонымен қатар елімізде алғаш рет азаматтардың қоршаған-ортаны қорғау құқығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік міндеттемелері конституциялық дәрежеде күшейтілгені атап өтілді. Елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санын көбейту, экологиялық мониторингті күшейту қажеттігіне үлкен мән берілді.

    Сонымен қатар А.Саидов, бұқаралық ақпарат құралдары және журналистер экологиялық проблемаларды жарыққа шығаруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл өз кезегінде, тұрғындардың сала бойынша жай-күйі туралы хабардарлығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға байланысты қаулылар қабылдау үдерістеріне азаматтарды да тартуға мүмкіндік береді.

    ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің өкілі және басшысы Сара Ношади аталған заң жобасын дайындаудағы мақсат Өзбекстанда экологиялық проблемаларды одан да тиімдірек шешуге және азаматтардың қолайлы қоршаған-ортаға болған құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру болып табылатынын айтты, сондай-ақ экологиялық проблемаларды жазатын журналистердің қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударылды.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық бөлімінің адам құқықтары бойынша кеңесшісі Павло Бяликтің пікірінше, журналистердің бұл бағыттағы жұмысы қоршаған ортаның ластануы туралы ақпаратты жылдам таратудан бастап, климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрліліктің жоғалуы және денсаулыққа зиянды экологияның әсері болған проблемалар үдерісті кеңінен жариялауды қамтиды.

    П.Бялик журналистердің экологияға қатысты құқықтары мен заңдылықтың мән-мазмұнын насихаттаудағы рөлін жоғары бағалады. Шара барысында экологиялық құқық саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылар өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

    Дөңгелек үстел соңында экологиялық құқықтарды қорғау тақырыбын қамтудың табысты тәжірибелері мен стратегиялары ұсынылды. Қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты дамуына көмектесуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды нәтижелілікпен өмірге енгізу болашағы талқыланды.

    Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates