«Мүмкіндіктер олимпиадасын» ұйымдастырудағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандардың өз әлеуетін жүзеге асыруды қолдап-қуаттау, кәсіби дағдыларын дамытуға, әлеуметтенуіне, өзіне деген сенімін арттыруға және еңбек базарындағы ұстанымдарын көрсету екені атап өтілді.

Биыл «Мүмкіндіктер олимпиадасы» қатысушылары 10 кәсіп бойынша өзара сынға түседі.

  • фотография;
  • АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологиялары);
  • мобилография;
  • бейнелеу өнері;
  • кесте тігу;
  • керамика;
  • кондитерлік өнімдер;
  • ішекті аспаптар;
  • ағаш ұстасы;
  • құрғақ құрылыс жұмыстары.

Байқауға қатысу үшін арнайы платформаға 389 мүмкіндігі шектеулі жан тіркеуден өткен.

Қорытынды басқыш пен марапаттау рәсімі 1-2 май күндері «Узэкспомарказда» өтетін республикалық «Адамзат үшін» жәрмеңкесі аясында өтеді.