Шавкат Мирзияев халыққа қызмет көрсетуді жеңілдету мәселелесі бойынша жиын өткізді

    Билік 7 Aprel 2022 4065

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 7 сәуір ішкі жолдарды абаттандыру, «Жасыл мекен» ұлттық жобасы аясында ағаш отырғызу, халыққа қызмет көрсетуді жеңілдету мәселелеріне арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

    Мемлекет басшысы осынау үш міндеттің де адам қадір-қасиетіне, халықтың келісіміне байланысты екенін айтты.

    асында да, халықты ең көп мазалайтын мәселе – ішкі жолдардың жағдайы. Жақында «Ташаббусли бюджет» порталы арқылы тұрғындардан келіп түскен 20 мың ұсынысының немесе жалпы өтініштердің 25 пайызы осы мәселеге қатысты болуы оның өзектілігін көрсетеді.

    Ішкі жолдардың сапасын жақсарту бойынша Әндіжан облысында жаңа эксперименті басталды. Цемент өндірушілерден кластер құрылып, 31 шалғайдағы ауылға 23 шақырым жолға цемент-бетон төселді.

    Асфальт орнына цементті пайдалану құрылыста 600 миллион сумды және битум импортынан 350 мың долларды үнемделді. Ең бастысы, бұл кластер өзі салған жолдарды 10 жыл бойы күтіп ұстауды өз мойнына алады.

    Осы тәжірибе негізінде Қарақалпақстан Республикасы мен облыстарда жалпы ұзындығы 2300 шақырым цемент-бетон төселген ішкі жолдарды салу міндеті қойылды.

    Биылғы жылдың соңына дейін отандық цемент өндірісі 18 миллион тоннаға жетеді деген болжам бар. Осылайша ішкі қажеттіліктер толық қанағаттандырылады.

    Жол кластерлерінің қызметін қолдау үшін 1 мамырдан бастап жылдың соңына дейін цемент-бетон төселген жол-құрылыс техникасын әкелу кедендік баж және утилизациядан босатылады.

    Сондай-ақ, биыл аудан орталықтары мен қалаларда 670 шақырым жаяу жүргіншілер мен веложолдар салу жоспарлануда. Оларды цемент-бетоннан салу керектігі, жобада дренаждық жүйеге ерекше мән беру керектігі айтылды.

    2 ақпанда өткен бейнеконференциялы жиынында «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасы аясында биылғы көктемде 125 миллион көшет отырғызу жоспарланғаны белгілі. Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті, орман шаруашылығы мемлекеттік комитеті және әкімдіктер осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

    Әр ауданда, білім ошақтарында, арық пен жол жиектерінде ағаш көшеті мен терек қаламшасын отырғызу айтылды. Ташкентте қолға алынған жеміс-жидек және сәндік ағаштарды 5 жастан кем емес өсіру тәжірибесін басқа қалаларда да енгізу керектігі сөз болды.

    Сонымен қатар «Жасыл мекен» жалпыұлттық жобасы аясында жаңа суару жүйесі мен құдық қазу жұмыстарының сапасы да қарастырылды.

    Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету және кеңейтуге арналды. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша келесі міндеттер белгіленді.

    Атап айтқанда, осы жылдың 1 шілдесінен бастап 38 мемлекеттік қызмет түріне электронды қолтаңбаны бекіту талабы жойылып, ұялы телефон арқылы жүзеге асырылады. Лицензияның 6 түріне қойылатын талаптар жойылады. Тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін 8-ден астам мемлекеттік қызметтерді электрондық хабарландыру жүйесі енгізіледі. Тұрғындар мен кәсіпкерлерден 32 түрлі құжат пен анықтаманы талап ету жойылады. Күнкөрісі төмен отбасы балалары жоғары оқу орындарына түсу тесет сынағына қатысу үшін төлемдерден босатылады.

    Жалпы, келесі жылдың соңына дейін орталықтар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны қазіргі 172-ден 300-ге, мобильді қосымша арқылы 60-тан 250-ге дейін артады.