Инвестициялық ортаны жақсарту, салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруда ХҚК жақын серіктес

    Инвестициялар 29 Sentabr 2022 1414

    Үстіміздегі жылдың 28 сентябрінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Вибке Шлемермен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында ағымдағы біріккен жобаларды іске асыру және жаңа инвестициялық бастамаларды дамыту мәселелерін қарастыра отырып, ынтымақтастықты дамыту болашақтары талқыланды.

    ХҚК-ның қолданыстағы портфелі банк ісі, қаржы, энергетика, тоқымашылық, азық-түлік, химия, жиһаз өнеркәсібі, шағын және орта бизнесті дамыту салаларында жалпы құны 480 миллион доллар болатын 28 инвестициялық жоба және мемлекеттің қаржы, энергетика салаларында өндірілген 474 миллион долларды құрайтын 5 жоба бар екені атап өтілді.

    ХҚК басшылығына қаржы базарларын дамытуда, агробизнес, транспорт, денсаулық сақтау және энергетика салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларды қолдап-қуаттау, сонымен қатар Сырдария облысында 3 күн электр станциясын және қуаты 1500 МВт болған бу-газ электр станциясы мен Хорезм, Наманган және Бұхара облыстарында үш күн электр станциясын салу үшін халықаралық тендерлерді өткізуге көрсетілген техникалық көмек үшін ризашылық білдірді.

    Сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық банктерді трансформациялау мен жекешелендіруді көздей отырып, Өзбекстанда экономикалық және құрылымдық реформаларды жүзеге асыруда ХҚК-ның кеңес және техникалық көмекті жұмылдыру мәселелері талқыланды. ХҚК инвестициялық ортаны жақсарту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ өнеркәсіпті жедел дамытуға қаратылған құрамдық реформалар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

    Тараптар Өзбекстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша біріккен іс-әрекеттер аясында, соның ішінде, Wi-Fi бағдарламасының әйелдер кәсіпкерлігіне қолайлы жағдайлар жасау мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ынтымақтастықты жалғастыруды талқылады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates