Болашағы зор жобаларды жүзеге асыруға Еуропа бизнесі тартылады

    Өздеріңізге белгілі, Ташкентте EUROUZ Еуропа-Өзбекстан экономикалық ынтымақтастық ассоциациясы тарапынан ұйымдастырылған 2024 жылғы Еуропа Экономикалық күндері жалғасуда.

    Шара аясында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Еуропа бизнес ассоциациясы , SUEZ, Roche хolding, KONE Corporation, Metso Corporation, Elematic, Telko, Wartsila Corporation және басқа да компаниялардың басшыларымен кездесті.

    Келіссөздер барысында бірлескен жобалар мен жаңа бастамаларды жүзеге асырудың практикалық жақтары талқыланды. Сонымен қатар, шетелдік компаниялардың технологиялық, инвестициялық және өндірістік әлеуетін пайдалану қажеттілігі негізінде ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын тереңдетіп зерделеу және болашақ жобаларды жүзеге асыруға Еуропа бизнесін тарту бойынша іс-шаралар келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates