Президент халықты жұмыспен қамту шараларын талқылауға арналған жиын өткізді

    Билік 15 May 2023 7163

    Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен 15 мамырда кедейлікті азайту және халықты жұмыспен қамту шараларын талқылауға арналған бейне байланысты жиын өтті.

    Мемлекетіміз саясатында адам капиталы, әлеуметтік әділеттілік ұстанымдары басым. Сондықтан халықтың белгілі бір бөлігінде кедейлік бар екені ашық айтылып, оны азайту үшін арнайы жүйе енгізілді. Осыған байланысты биылғы жылдың басында барлық аудандардың жағдайына қарай 5 санатқа бөлініп, сараланған жеңілдіктер берілді. Нәтижесінде өткен жылы 1 миллион адам, осы жылдың бірінші тоқсанында 210 мың адам кедейліктен шығарылды.

    Жыл сайын отбасылық бизнеске 13 триллион сум несие және 1 триллион 500 миллиард сум субсидия бөлінеді. «Әлеуметтік қорғау тізілімі» арқылы 2 миллион 300 мың күн көрісі төмен отбасы, қыз-келіншектер, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар материалдық көмекпен қамтылды.

    Бірақ бұл нәтижелер әлі де жеткіліксіз. Кедейлікті азайту – халықтың кәсіпкерлік рухын оятуға, кәсіпке даярлауға, жұмыс орындарын көбейтуге бағытталған кешенді міндет.

    Сондықтан жиында жаңа кезеңге көшу, ынталандыру шараларын енгізу мәселелері талқыланды.

    Соңғы бес жылда Өзбекстанда кәсіпкерлер саны 285 мыңнан 590 мыңға дейін өсті. Бұл бір ауданда 2500-ден астам немесе бір махаллада 50-ден астам кәсіпкердің қатары көбейді дегенді білдіреді. Мемлекет осы кәсіпкерлермен ынтымақтаса, қолдау көрсетсе, жергілікті жердегі жұмыспен қамту мәселесін шешу мүмкіндігі артады.

    Мысалы, халықты кәсіптік оқытуға мемлекет тарапынан жыл сайын 200 миллиард сум бөлінуде. Бірақ бұл қаражат кәсіпкерге байланысты емес. Сол сияқты кәсіпкер жылына қыруар қаржыға өзі үшін мыңдаған маман дайындауы керек. Алайда мемлекет тарапынан қолдау жоқ.

    – Мұның бірден-бір дұрыс шешімі, кәсіпкерлерге жағдай жасап, олармен тиімді ынтымақтастық орнату. Осы арқылы әрі жұмыспен қамтамасыз етуге және білікті мамандарды оқытамыз, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Осы мақсатта 1 маусымнан бастап «20 мың кәсіпкер – 500 мың білікті маман» бағдарламасы жүзеге асырылатыны белгілі болды. оған қатысу ерікті болады. 2023-2024 жылдар аралығында бағдарламаға жалпы сомасы 1 миллиард доллар бөлінеді. Осы қаражаттың негізінде кәсіпкерге кедей отбасының мүшесін кәсіпке үйретіп, еңбек етуіне қарай төмен пайызбен және ұзақ мерзімге несие беріледі. Кәсіпкердің «тәжірибелік моноорталықты» ұйымдастыруға және жабдықтауға және кәсіптік оқытуға кеткен шығындары толығымен өтеледі.

    Бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдіктері қарастырылған. Атап айтқанда, күн көрісі төмен отбасы мүшелерінің кемінде 20 пайызы бір жылға жұмысқа орналасса, мүлік және жер салығын төлеуден босатылады. 5 миллион сумға дейін жалақы төлейтін кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкасы 2 есеге төмендейді. Кедей отбасы мүшесі де табыс салығынан босатылады.

    Сондай-ақ салық және кедендік әкімшілендіру бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, мұндай кәсіпкерлердің қызметінде салықтық тексерулер жүргізілмейді. Қосымша құн салығы мен артық төленген салықтар оларға тексерусіз қайтарылады. Барлық салықтардан қарыздарды бір жылға дейін кешіктіріп төлеу мүмкіндігі беріледі. Кедендік ресімдеу үшін «жасыл дәліз» рәсімі қолданылады.

    Бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлерге инфрақұрылым, жер телімдері және ғимараттармен қамтамасыз етуде қосымша жеңілдіктер беріледі. Мәселен, жер телімдері мен ғимараттарды жекешелендіру кезінде бөліп төлеуге болады. Құны 50 миллиард сумнан асатын жобалардың инфрақұрылымдық шығындары толығымен өтеледі.

    Жиында осы жаңа жүйе негізінде биыл 550 мың адам білім алып, кедейліктен шығаруға болатыны айтылды.

    Кедейлікті азайтуда Қытайдың үлкен тәжірибесі бар екені белгілі. Осы тәжірибені негізге ала отырып, әр өңірде кедейлікті жоюдың жеке бағдарламасын жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Бұл ретте кедейлік деңгейі жоғары аудандарда жол-көлік, электр, байланыс және туризм инфрақұрылымын жақсартуға, шағын және орта қалаларды дамытуға, махалланы индустрияландыруға назар аударылатын болады. Жыл сайын бекітілетін мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар соның негізінде қалыптасады.

    Шенеуніктерге таңдалған 14 ауданды кедейліктен шығарудың кешенді бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

    Жиында министрлер, ведомство басшылары мен облыс әкімдері жаңа жүйе бойынша жұмысты ұйымдастыру жоспарлары туралы ақпарат берді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates