Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаев «Cotton Campaign» халықаралық коалициясының тең құрылтайшысы Беннет Фриман басшылығындағы делегациямен кездесті.
Кездесуден алдын Беннет Фриман Мемлекет басшысының басшылығымен 2019 жылдан бастап аграрлық саладағы жұмыстар өте белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Нәтижелер жемісті атқарылғаны реформалар мен жаңғырту үдерісінде көрініс табуда, бұларды «Cotton Campaign» үлкен қызығушылықпен бақылауда.
Шетелдік қонақтар Өзбекстан үкіметінің мақта теру кезінде мәжбүрлі еңбекті жоюының маңыздылығын атап өтті. Президенттің бастамасымен ауыл шаруашылығындағы жүзеге асырылған түбегейлі реформалар, сондай-ақ мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес бойынша ұлттық комиссияның мүдделі министрліктермен және ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы), азаматтық қоғаммен бірлесіп атқарған ауқымды жұмысы осының барлығына мүмкіндік туғызды.
Кездесу аясында министр Ж.Ходжаев Өзбекстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылған реформалар барысында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, аграрлық сектордағы проблемалар мен міндеттерді шешу жолдары туралы айтты.
Сонымен, Президент бекіткен «Өзбекстан Республикасыны ң ауыл шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейін арналған стратегиясын» жүзеге асыру аясында жергілікті билік органдарының (әкімдіктердің) фермерлердің ауыл шаруашылығы саласындағы қызметіне араласуы жойылды, мақта мен астық өндіруге мемлекеттік тапсырыстары жойылды, ауыл шаруашылығында еркін бәсекелестікті қамту үшін базар қағидаттары енгізілді.
Кездесуде «Cotton Campaign» бағдарламасының координаторы Алисон Гилл осылай деп айтты:
«Айта кету керек, бүгін біз сіздермен мәжбүрлі еңбек мәселесін талқылап жатқан жоқпыз, бірақ біз қызметкерлердің табысын арттыру мәселесі туралы айтып жатырмыз, мен бұған өте қуаныштымын».
Шетелдік тарап Өзбекстан үкіметінің фермерлік шаруашылықтарға жер учаскелерін аукцион негізінде, аумақтық және облыстық әкімдіктердің араласуынсыз бөлу туралы қаулысын мақұлдады.
Ж.Ходжаев кластерлік өндіріс қарқынды дамып жатқанын, соңғы төрт жылда 1,4 миллиард долларлық инвестицияның негізгі бөлігі елімізде мақта және тоқымашылық кластерлерін құруға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ өткен жылдың декабрь айында бір аумақта екі немесе одан да көп агрокластер құруға мүмкіндік беретін Президент қаулысына қол қойылды, бұл өз кезегінде фермерлер үшін қолайлылық жасалуда, өйткені олар бірге жұмыс жүргізуде бір немесе бірнеше кластерді таңдауы мүмкін.