Мемлекет басшысы мектептегі білім сапасын арттыру бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 26 Yanvar 2024 6490

    26 қаңтарда Президент Шавкат Мирзиёев мектептегі білім сапасын арттыру шаралары туралы таныстырылымға қатысты.

    Өзбекстанда 10284 мектеп бар. Кейінгі жылдары олардың жағдайын жақсарту, студенттер санын арттыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Жылына орта есеппен 400 мың оқушы мектеп бітірсе, оның 170 мыңы оқуын жалғастыруда. Дамыған елдерде түлектердің 50 пайыздан астамы кәсіптік оқу орындарына түседі.

    Осы уақытқа дейін 208 жоғары сынып оқушысы 3 бағыт бойынша кәсіптік білім алды. Кейінгі екі жылда шет тілін меңгерген мектеп бітірушілер саны 6 мыңнан 18 мыңға дейін өсті.

    Сонымен бірге бұл жұмыстарды дәйекті түрде жалғастыру қажет. Білім сапасын арттыру – үздіксіз үрдіс.

    Презентацияда осы мақсаттағы шаралар талқыланды.

    Бүгінде өңірлердегі 500 мектепте Президент және мамандандырылған мектептердің бағалау жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибеге негізделген жағдайды талдау, мәселелерді шешу, топпен жұмыс жасау сияқты практикалық жаттығулардың үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды.

    Келесі оқу жылына дейін бұл бағалау жүйесін халықаралық тестологиялық критерийлерге бейімдеу керектігі айтылды. Мектептердің өзі де аккредитациядан өткен. Ол ұлттық жүйеге халықаралық бағалау критерийлерін енгізуге, мектепті басқару мен білім беру сапасын арттыруға қызмет етеді.

    Педагогтардың білімі мен біліктілік мәселесіне назар аудара отырып, оқу орталықтарының ескі әдіспен жұмыс істеп жатқаны, ғылыми әлеуетінің жоғары еместігі айтылды. Сондықтан 14 облыстағы осындай орталықтардың қызметін қайта қарау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізу міндеті қойылды.

    Мектептерде шет тілі оқу бағдарламасын жетілдіру, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын осыған сәйкестендіру қажет. Сондай-ақ шет тілін қарқынды оқыту тәжірибесін кеңейту қажет.

    Мүмкіндіктің арқасында Өзбекстанда жекеменшік оқу орындарының саны артып келе жатқаны белгілі. Бұл мемлекеттік мектептерге түсетін жүктемені азайтуға және салауатты бәсекелестікті дамытуға қызмет етеді. Сондықтан жекеменшік мектептерді лицензиялау талаптарын одан әрі жеңілдету, несие, салық және коммуналдық төлемдерден қосымша жеңілдіктер беру туралы ұсыныстар жасалды.

    Жауапты азаматтарға білім беру ұйымдарының қызметі мен білім сапасын бақылау алаңын іске қосу тапсырылды.

    Отырыста атап өтілгендей, бірыңғай тұжырымдама негізінде білім берудің барлық деңгейінде реформаларды жүзеге асыру үшін Жобалық кеңсе құрылады. Ол балабақша, мектеп, кәсіптік және жоғары оқу орындарындағы озық тәжірибе негізінде білім беру стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеуге жауапты болады.

    Мемлекет басшысы мектептердің қызметінде махалла ақсақалы мен белсенділерідің рөлі маңызды болуы керектігін атап өтті.

    – Махалладағы ахуал, халықтың жұмыспен қамтылуы көбіне жастардың тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан махалла ақсақалы ата-аналармен бірге мектеп өміріне белсене араласып, жастардың білім алуына, кәсіппен айналысуына көңіл бөлуі керек, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Расында, мектеп мәселесі білім саласының ғана емес, ата-ананың, махалла белсенділерінің, бүкіл қоғамның ісі. Өйткені мектеп – ел болашағының тірегі. «Бір балаға жеті махалла ата-ана» деген сөзде де осы ақиқат өрнектелген. Сонда ата-аналар балаларының білім алуына көбірек көңіл бөлетін болады. Бұл қазіргі жаһандану әлемінде өте маңызды.