Орталық Азия азаматтық қоғам форумы құрылым ретінде ұйымдастырылуда

    Үстіміздегі жылдың 15 ноябрінде Ташкентте Орталық Азия азаматтық қоғам форумы өтті. Оған аймақ елдерінен жүзден астам азаматтық қоғам белсенділері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

    Форумға қатысушылар Орталық Азияда азаматтық қоғамды жандандыруды аймақтың инклюзивті даму факторы ретінде талқылады, сондай-ақ өзара ынтымақтастық жақтарын қарастырды.

    Жоғарыда айтылғандай, бүгінде Орталық Азия елдерінде ондаған мың қоғамдық (беймемлекеттік) ұйымдар жұмыс істейді, олар өз желілерінде жүз мыңдаған белсенділерді, волонтерлерді, қоғамдық пікір көшбасшыларын біріктіреді.

    Азаматтық қоғам деңгейіндегі өзара ынтымақтастық аймақ елдерінің беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты қарқынды дамытуға негіз жасайды, жүйелі өзара қолдауды қамтамасыз етеді және үшінші сектордағы ортақ саясатты үйлестіру үшін жағдай жасайды.

    Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстанның саяси имиджінің жаңаруымен қатар халықтың да, азаматтық қоғамның да дүниетанымы өзгеруде. Орталық Азия елдерінің азаматтық қоғам институттарының әлеуеті зор, бірақ олар толық пайдаланылмай отыр.

    Белгілі болғанындай, 2018 жылдан бері Орталық Азия елдерінің басшылары Мәслихат кеңесі форматында бас қосуда. Мұндай кездесулердің форматы аймақ елдері, соның ішінде азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі болды. Бұл — аймақта орын алған көптеген оң өзгерістерді қолдап-қуаттау тұрғысынан маңызды.

    Айта кетейік, Астана, Ташкент, Түркіменбашы және Чулпон-Ата қалаларында өткен төрт кездесудің қорытындысы бойынша барлық бес мемлекет арасындағы қауіпсіздік, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары, экологиялық проблемаларды шешу, баламалы энергетиканы дамытуды алға тарту, сондай-ақ ғылыми-техникалық дамуды қолдау салаларында біріккен ынтымақтастық орнату белгіленді.

    Бұл ретте азаматтық қоғам институттары мен қоғамдық пікір көшбасшыларының арасындағы ынтымақтастықты күшейту мемлекетаралық келісімдердің тиімділігін арттыруы мүмкін, өйткені азаматтық қоғам өкілдері өз қызметінің аясында осы сияқты мәселелермен жұмыс жүргізеді.

    Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы диалогтың ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі де азаматтық қоғам институттарын дамыту, демократияландыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Еуропа Одағы тарапынан Азаматтық қоғам форумдарының өткізілуі, онда Орталық Азия бойынша арнайы өкілдің сөз сөйлейтіні – мұның айқын көрінісі.

    Ташкенттегі форум қатысушылары азаматтық қоғам феноменінің Орталық Азия мен аймақтың барлық елдері үшін маңыздылығы жоғары екенін ескере отырып, Орталық Азия азаматтық қоғам форумын құрылым ретінде ұйымдастыру бастамасын көтерді. Оны институттар, ұйымдар арасындағы тиімді байланыстарды дамыту үшін негізгі құрылымға айналдыру, мұнда Орталық Азия елдеріндегі азаматтық қоғам топтары, олардың іс-әрекеттерін аймақаралық деңгейде АҚШ, Еуропа Одағы және Азиядағы серіктестерімен, мәселен, Жапониямен серіктестік жасау бағытында берге үйлестіру көзделген.

    Айтылуынша, Орталық Азиядағы азаматтық қоғам форумы аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерінің Орталық Азияда азаматтық қоғам институттары бірге жүргізген зерттеулер барысында анықталған ең өзекті мәселелерді талқылау үшін тұрақты кездесулеріне платформа ретінде қызмет етеді.

    Шара соңында қатысушылар Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық пен тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге, демократиялық даму жолындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға қызмет ететін Орталық Азия азаматтық қоғамының форумын құру туралы қаулы қабылдады.

    Бұл Форум «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы, Олий Мажлисі Сенатының ынтымақтастығында Конрад Аденауэр атындағы қордың Орталық Азия бойынша өкілеттігінің көмегімен ұйымдастырылды.

    «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates