Бұл комбинат бұрын Өзбекстанда қара металлургия саласындағы бірден-бір кәсіпорын болатын.
Соңғы бес жылдағы реформалардың нәтижесінде 200 жаңа кәсіпорын құрылды. Оларда 25 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылдың өзінде ғана салада 16 триллион сумдық өнім өндірілді. Темір және темір бұйымдарын өндіру 1,8 есеге өсіп, 2 миллион тоннадан асты.
Сонымен қатар, республикада әлі де көптеген құрылыс жұмыстар мен индустриялық жобалар бар. Бүгінгі таңда барлық салалар жылына 4 млн тонна қара металл пайдалануда. Атап айтқанда, металл шығынының үлесі тұрғын үй құрылысының өзіндік құнында 15 пайызды, машина жасауда 40 пайызды құрайды.
2026 жылға қарай Өзбекстан экономикасының қажеттілігіне шамамен 6 миллион тонна металл қажет болады деген болжам жасалған. Сонымен қатар, әлемдік экономикадағы күрделі жағдай, логистикалық тізбектегі үзілістер де ірі металлургиялық кәсіпорындардың қызметін қиындатып отыр.
Мемлекет басшысы алға қойған мақсатқа тек металлургия өнеркәсібімізді қарқынды дамыту арқылы ғана қол жеткізуге болатынын айтты. Осыған байланысты төрт негізгі міндет көрсетілді.
Біріншісі – металл өндіретін кәсіпорындарды кепілдендірілген шикізатпен қамтамасыз ету. Екіншісі – барлық өңірлерде металл өндіретін кәсіпорындардың ашылуына қолдау көрсету. Үшіншісі – жоғары қосымша құн тудыратын салаларға арналған заманауи металл конструкцияларын өндіру. Төртінші – білікті кадрлар даярлау, ғылым мен инновацияны дамыту.
Премьер-Министрдің кеңесшісі Б.Исламов республикада 1 млрд 200 миллион тонна темір рудасының қоры бар екенін атап өтті.
Жаңа шахталарда, соның ішінде Қараөзектегі «Тебинбулоқ» кенішінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Екінші мәселеге тоқтала келе, саладағы кәсіпорындарды дамытып, олардың негізінде өнеркәсіптік кластерлерді ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
Президент өңірлердегі осындай кәсіпорындардың басшыларымен сөйлесті. Шенеуніктерге Өзбекстанда өндірілмейтін импорттық металл шикізаты мен құрал-жабдықтарды кедендік баж салығынан босату, білікті шетелдік мамандардың Өзбекстанда жұмыс істеуі үшін оңайлатылған визалар беру туралы ұсыныстарын қарастыруды тапсырды.
Үшінші бағыт бойынша келер жылы 500 миллион доллардың өнімін жергіліктендіру міндеті қойылды. Шенеуніктер бұл бағытта 204 жобалық ұсыныс әзірленгенін хабарлады. Осы бағытты қолдау мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың жаңа локализацияланған өнімді кепілді сатып алуы белгіленді.
Мемлекет басшысы саладағы білім мен ғылымды дамыту мақсатында «Узметкомбинат» жанынан Металлургия ғылыми орталығын, Геология университетінде қара металдар ғылыми зертханасын, Науаи тау-кен өнеркәсібі мен Ташкент техникалық университеттері жанынан технопарктер ашуды ұсынды. Сондай-ақ, жас мамандардың беделді шетелдік компаниялар мен инжиниринг орталықтарында біліктілігін арттыру қажеттігі айтылды.
Бейне байланысты өткен жиынға облыс әкімдері, тау-кен металлургия комбинаттарының ұжымы, кәсіпкерлер мен шетелдік серіктестер қатысты.