ТМД-ның Атқарушы комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, ТМД ПА Кеңесі хатшылығы мен Достастық Атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Жиналысты ашқан Атқару комитеті төрағасының орынбасары – ТМД-ның Атқарушы хатшысы Бекетжан Жумаханов Кеңестің туризм саласына айтарлықтай зиянын тигізген COVID-19 пандемиясына байланысты күрделі жағдайды жою бойынша салмақты жұмыстарды жүргізгенін атап өтті.
Шара барысында Кеңес мүшелері туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, туризм саласын басқару бойынша тәжірибе алмасты, ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықтың болашағы, соның ішінде Ұлы Жібек жолы әлеуетін пайдалану, агро, экотуризм және сауықтыру туризмі мәселелері қаралды.
Кеңес мүшелері «Достастықтың баға жетпес гауһары» халықаралық жобасын жүзеге асыруға жанасулар, ТМД-ға мүше елдердің туризм саласындағы тірек ұйымдары ретінде «Жібек жолы» халықаралық туризм университетінің атқарып жатқан жұмыстары талқыланды.
Жиналыста Достастық елдерінде туризмді дамыту үшін халықаралық сыйлық тағайындау мәселесі де қаралды. Белгіленген тәртіппен Кеңестің келесі жиналысында қаралатын марапаттау туралы жарғы жобасын әзірлеу үшін жұмысшы топ құру туралы қаулы қабылданды.
ТМД-ға мүше елдер Туризм кеңесінің келесі жиналысы мен Туризм жәрмеңкесін 2023 жылы Қазақстанда өтетіні жоспарланған.