Наманганда халықтың еңбегімен, іскерлігімен өмір өзгеріп жатқаны айтылды. Кейінгі жеті жылда облыс экономикасы екі есе өсіп, экспорт үш есе өсіп, жан басына шаққандағы табыс 15,5 миллион сумға жетті. 65 триллион сум инвестиция есебінен 600 мың жұмыс орны ашылды.
Бірақ көптеген мүмкіндіктер әлі пайдаланылмаған, кемшіліктер де бар. Мәселен, облыс экспортының 86 пайызы тоқыма және жеміс-көкөніс өнімдеріне тиесілі. «Поп», «Чартақ», «Нарын» және «Жаңақорғанда» индустрияландыру деңгейі төмен. Облыста 56 мың шаруа қожалығы егін екпейді.
Сындарлы рұхта өткен жиында осындай мәселелер сараланып, мүмкіндіктерді толық пайдалану міндеттері белгіленді.
Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтамасыз ету, олардың табысын арттыру ең маңызды мәселе екенін атап өтті.
«Сайхунабад» тәжірибесі негізінде Наманганда үлкен қозғалыс басталған. Банк филиалдары облыстың 14 ауданындағы 788 махаллаға бекітілген. Олар «махалла жетілігімен» бірге үй қожалықтарындағы мүмкіндіктерді, отбасының қалауын зерделеуде.
Бірінші кезеңде 4 мың күн көрісі төмен отбасы таңдалып, ондағы мүшелерінің айлық табысын 2 миллион сумға жеткізу шаралары қолға алынады. Келесі кезеңде тағы 4 мыңына қаржылық, техникалық, консультативтік және басқа да практикалық қолдау көрсетіледі. Әсіресе, махаллада гүл өсіру, балық аулау, омарташылық, мал шаруашылығы, жүзім, құлпынай, картоп өсіруге жағдай жасалған. Бұл үшін жеңілдікті несиелер бөлінеді.
- Бұл жұмыстарды кім істеу керек? Президент атынан өкілдік ететін әкімдер, сала басшылары, 5 мыңнан астам экономикалық бөлімшелерінің қызметкерлері махалладағы «жетілік» жасауы керек. Ол үшін жауаптылардың барлығы әрбір кәсіпорын, кәсіпкер, шаруашылықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін жүйе құруы керек, – деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жылдары тоқыма өнеркәсібінде шикізатты толық өңдеу жолға қойылып, экспорт көлемі 1 миллиард доллардан 4 миллиард долларға дейін өсті. Сол сияқты зергерлік өнерде де әлеует қазіргіден әлдеқайда жоғары. Өзбекстанда жылына 100 тонна алтын өндіріледі. Бірақ оның 6 пайызы ғана өңделіп, 78 миллион доллар ғана экспортқа шығарылған.
Сондықтан кәсіпкерлер үшін ерекше жағдай жасалған зергерлік аймақтар құрылатыны айтылды. Саланы шикізатпен қамтамасыз ету, мамандарды даярлау, өндіріс тізбегі мен сату жүйесі толығымен қайта қаралады. Осыған байланысты заңнамаға ұсыныстар енгізілетін болады.
Тағы бір игерілмеген әлеует – жол және туризм. Ангрен қаласынан «Турақорғанға» дейін 100 шақырым жерде, көлік саны күніне 10 мыңнан асады. Кәсіпкерлер осы жол бойындағы асхана, сауда және қызмет көрсету орындарын көбейту арқылы 10 мың тұрғынды тұрақты орналастыруға дайын. Осыны ретке келтіру мақсатында бас жоспар жасалып, жер телімдерін аукционға шығару міндеті қойылды.
Наманган облысының таулы және көркем аймақтарында туризмді дамытып, туристерге қолайлық жасау үшін әуе және теміржол қатынасын көбейту керектігі айтылды.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуеті де жоғары. Соңғы жылдары 72 шағын және жастар индустриялық аймағы іске қосылды.
Бірақ 16 индустриялық аймақта 78 гектарға қосымша жобаларды орналастыруға мүмкіндік бар. 29 кенішке өнеркәсіп енгізілмеген. Облыстың көрші елдерге экспорты 568 миллион долларды құрайды. Бұл толық мүмкіндікке мүлдем сәйкес келмейді.
Сондықтан кендерді сатылымға шығару, қосымша кеден бекеттері мен сауда үйлерін ашу, Наманган халықаралық әуежайында жүк терминалы мен Қамшық асуы маңында логистикалық орталық құру шаралары қолға алынатын болады. Тоқыма, былғары-аяқ киім, зергерлік бұйымдар, электротехника, құрылыс материалдары салаларындағы жобалар бойынша тапсырмалар берілді.
Күні кеше «Нарын» өзенінде су электр станциялары каскады мен «Поп» ауданында 2 мың мегаватт күн электр станцияларының құрылысы басталды. Келер жылы Үлкен Әндіжан каналында 51 мегаватт шағын су электр станцияларының каскады да іске қосылады деп жоспарланған. Осыны жалғастыра отырып, әрбір ағынға, әрбір ауданға су электр қуатын жеткізетін жүйе жасаудың маңыздылығы айтылды.
Ауыл шаруашылығындағы мәселелерді талқылау барысында каналдарды бетондау, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары мүлде көңіл көншітпейді.
Словения тәжірибесі негізінде «Үшқорған», «Поп», «Уйчи» және «Мыңбұлақта» қарқынды балықшылық қолға алынып, осы желіде 4 ірі жоба қолға алынатыны айтылды.
Наманганда 1,5 миллион тонна жеміс-жидек пен көкөністің 10 пайызы экспортқа шығарылған. Жұмыс дұрыс жолға қойылса, экспортты 3-5 есеге арттыруға болады. Осы мақсатта өңірдің жеміс-көкөніс экспортының географиясы Қытай, Германия, Италия, Испания және Араб елдеріне кеңейтілмек. 54 мың гектар жердің агрохимиялық картасы жасалып, 18 мың гектары «GSP+» талаптарына сәйкестендіріледі.
Облыста жеміс-көкөніс, ет, сүт өңдеу деңгейі де төмен. Мәселен, «Косонсой» мен «Чортоқ» жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруге маманданғанымен, қайта өңдеу кәсіпорындары жоқ.
Сондықтан бұл бағытта 141 миллион долларды құрайтын 62 жоба іске қосылмақ. «Косонсой» мен «Попта» ірі мал кластерлері ұйымдастырылады.
Қала мен махаллалардың инфрақұрылымын жақсарту міндеті де өте маңызды. Бүгінде 200 мың тұрғынға арналған Жаңа Наманган қаласы салынуда. Енді «Чуст» және «Поп» аудандарында 10 мың тұрғынға арналған «Жаңа Өзбекстан» массивтері, 20 мың тұрғын үй, IT-парк пен саябақ салынады.
Аудандарды ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту, жолдарды салу және жөндеу бойынша міндеттер айқындалды.
Облыстағы 16 мамандандырылған медициналық орталықтың негізінде екі – бірінші және екінші Наманган медициналық орталықтары құрылады. Бұл ретте жедел және басқа да медициналық қызметтер, диагностикалық тексерулер, тар сала мамандары біріктіріліп, халыққа тәулік бойы қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалады.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру, жастар мен қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз ету міндеттері де қозғалды.
Жиында қаралған мәселелер бойынша облыс және аудан әкімдері, министрлер ақпарат берді. Бейнебайланыс арқылы аудан жұртшылығымен шынайы сұхбат болды.