Баламалы энергетикаға инвестиция тарту басты назарда

    Энергия 30 Avgust 2023 1265

    Үстіміздегі жылдың 29 августта Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов «Meyer Burger» компаниясының бас директоры Гунтер Эрфуртпен келіссөздер жүргізді.

    Анықтама үшін: Швейцарияның «Meyer Burger» компаниясы фотоэлектрлік станцияларына арналған модульдер мен қосалқы бөлшектерді өндіру және жеткізіп беру саласында жұмыс істейді. 1953 жылы құрылған компанияның бүгінде Германияда, АҚШ-та, Қытайда және Сингапурда өкілеттік кеңселері бар. 2022 жылы компания орнатқан күн батареяларының өндірістік қуаты 1 ГВт құрайды. 2024 жылға дейін компания өзінің жалпы орнатылған қуатын 3,4 ГВт-қа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

    Кездесуде тараптар «Meyer Burger» компаниясының озық технологияларын тарта отырып, еліміздің энергетика саласында біріккен жобаларды жүзеге асыру болашақтарын талқылады. Компания өкілдері Өзбекстанда инвесторлардың қолайлы жұмыс істеуі үшін жасалған бизнес-ортаның іс жүзіндік жақтарын жоғары бағалады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.