Өкімге орай, қалалар мен аудандардың әкімдеріне 1 күн мерзімде лауазымға тағайындалған әкім көмекшілерімен еңбек қатынастарына кірісу бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу міндеті жүктеледі.
Жаңа жүйеге байланысты тағайындалған әкім көмекшілерінің айлық жалақысының мөлшері мен шарттары мемлекетіміз басшысының 2021 жылғы 3 декабрьде қабылданған «Махаллада кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және кембағалдықты азайту мәселелері бойынша облыс әкімі көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру іс-шаралары туралы» қаулысында белгіленген тәртіпте қалыптастырылады.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің көмекшілері махалладағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, республика өкілдерімен бірге өзіне біріктірілген махалланы дамыту бойынша 2022 жылға арналған «Жол картасын» әзірлеп, жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Науаи облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.